🛜 Әлеуметтік желілерде жасанды интеллектіні қолдануға арналған курстың куәлігі сатылады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған мәлімет.
🌐 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп әзірлеген жасанды интеллектіні оқу процесінде қолдану курсы толығымен тегін. Оған еліміздің кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта онлайн қатыса алады.
🪪 Курс соңында QR-коды бар тегін куәлік табысталады. Оның түпнұсқалығын онлайн тексеріп алуға болады.
⚠️ Сізден жеке мәліметтерді (ЖСН, банк картасы нөмірі, т.б.) сұрап, ақша талап ететін тұлғаларға сенбеңіз. Бұл – алаяқтық әрекет.
Барлық ресми ақпарат тек «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ресми сайтында және ресми әлеуметтік желілерінде жарияланады: https://orleu-edu.kz/
