10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту

2023 жылдың кыркүйек айының 4-15 аралығында жалпы орта білім беру ұйымдарының қазақ және орыс тілдерінде білім беретін ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы барысында Айғаным Ожанова 10 сынып бойынша “Buying and selling” тақырыбында демо сабақ көрсетті. Сабақ барысында әріптестерге жағымды психологиялық ақуал қалыптастыруға арналған жаттығу түрлерін, коллаж жасау, TV show және бекіту бөліміне арналған бірнеше тәсілдерді ұсынды. Тыңдаушылар Айғаным Сымбатқызының сабағын жоғары дәрежеде бағалап, сабақ барысында жоғарғы сыныптарда қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдермен танысқандарын атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар