12 білім беру бағдарламасын аккредиттеу

Өрлеудің стратегиясына сәйкес 2024 жылдың мамырынан бастап білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жетекші халықаралық аккредиттеу орталығы IAAR тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің стандарттары бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына сәйкес өзін-өзі бағалау процесі басталды.

IAAR мен қосымша келісімге сәйкес стандарттар және нұсқаулықтар бойынша сыртқы бағалауға 12 білім беру бағдарламасы ұсынылады:

“Мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңістіктік даму ортасын ұйымдастыру”;

“Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу және жобалау қызметі”;

“Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру”;

“География сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру”;

“Биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту”;

“Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану”

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»;

“Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер”;

“Физика бойынша білім мен дағдыларды қалыптастырудың заманауи білім беру технологиялары”;

“Химияны оқытудағы инновациялар және заманауи технологиялар”;

“Тарих сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру”;

“Эмоционалды интеллект-мұғалімнің кәсіби мәселелерін шешудің құралы”.

Қаңтардың 8-10-ы  аралығында бағдарламаларды IAAR сарапшылары: Валентина Боброва, Валан Бекенов, Андрей Тамьяров, Аружан Тынымбаева және Меруерт Қайырова  бағалайтын болады. Комиссия төрағасы-Байдәулет Урмашев, ал үйлестірушісі-Малика Сайдулаева.

Халықаралық аккредиттеу-бұл қоғам мен педагогтар алдындағы жұмыс сапасының ресми дәлелі, сондай-ақ ішкі тұрақты жақсартулардың негізі. Білім беру бағдарламалары сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау, аккредиттеу мәртебесі «Өрлеу» үздіксіз кәсіби даму жолындағы тағы бір қадам болмақ.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар