14-Наурыз Көрісу күні!

Ежелден бастау алған Көрісу күні тарихта қайта жаңғырып,бүгінгі халықтың мейрамға айналған. Көктемнің бұл кезеңін ұлы Абай «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып….» – деп Абай атамыз жырлағандай, көрісе отырып бір-біріне «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын» – деп және т.б. жақсы тілектер айтуы керек. Сондай-ақ, курс барысында МДҰ тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен, курс тренері «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушысы Адилаева Алма Кадирбековнаның қатысуымен «Қазақтың ұлттық құндылықтары»атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында Көрісу күні туралы ақпарат берілді. Қымбатты оқырмандар, Көрісу күні құтты болсын! Әр шаңырақта амандық, бақыт, ынтымақ, береке болып, аман болыңыздар!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар