✅ 17-21 ақпан аралығында «Өрлеу» оқытушылары Астана қаласында екі өзекті бағыт бойынша білім алуда:
🔹 «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» – курс оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи бағалау әдістерін меңгеруге арналған.
🔹 «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс» – оқыту тиімді қолдау әдістері мен инклюзивті білім беруге бағытталған.
📝 Курстар бекітілген бағдарламаларға сәйкес ұйымдастырылып, оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға арналған. Бұл өз кезегінде бүкіл ел бойынша педагогтерді сапалы даярлауға ықпал етеді.