Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 Кітап” рухани-мәдени акциясы аясында” Өрлеу “Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Атырау көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен бірлесіп “Жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту”тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді. Іс – шара қазақ әдебиетінің қазыналы шығармаларын насихаттауға, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, жастарды рухани және […]
ТолығырақҚазіргі уақытта кітапханашылардың басты міндеттерінің бірі оқушылар арасында оқуды ілгерілету, жас оқырмандардың адамгершілік – құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін кітапхана жұмысының инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу болып табылады. Осы мақсатта институтта “Білім беру ұйымдарында ақпараттық-білім беру кеңістігін қалыптастырудағы кітапхананың рөлі”тақырыбы бойынша мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру курсы ұйымдастырылды.
Толығырақ«Өрлеу» – Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні фейсбук парақшасының тікелей эфирінде «Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін дамыту негізі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді. Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының С.Садуақасұлы атындағы №78 мектеп гимназиясының үйлестірушісі Гулиза Абдикадырова «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытудағы бірлескен жұмыстың тиімділігі» тақырыбында серіктес мектеп қоғамдастығындағы сабақты зерттеу бойынша жұмыс барысымен және өз тәжірибесімен бөлісті. […]
Толығырақ«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушы Аманкуль Есмырзаева Жамбыл жоғары политехникалық колледждің оқытушыларына «Жаңартылған білім беру мазмұны, сабақты жоспарлау және формативті бағалау» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – колледж оқытушыларына жаңартылған білім беру мазмұны, сабақты жоспарлау және формативті бағалау бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинар барысында оқытушыларға жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, құрылымы таныстырылып, критериалды бағалау […]
Толығырақ2021 жылдың 10 қарашасында «Өрлеу» ББЖҚБАРИ тренері Кабдылова Гулжанаттың ұйымдастыруымен мұғалімдерді курстан кейінгі әдістемелік қолдау мақсатында Қапшағай қаласы «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығының» МКМ мұғалімдеріне «PISA тест тапсырмаларының құрылымы» тақырыбында вебинар өтті. Бұл вебинарда PISA халықаралық зерттеуінің оқу, математикалық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтары бойынша білім алушылардың дайындығын қамтамасыз ету үшін мектеп мұғалімдерімен PISA зерттеу кезеңдерінде қолданылған […]
Толығырақ2021 жылдың 7 желтоқсанында Жұманова Гаухар Сайлаубекқызы, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры, Білім басқармасымен бірлесе отырып, “Мектепке дейінгі және бастауыш мектепте білім беру жүйесінде инновациялық-зерттеу қызметін жүзеге асыру арқылы тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыру” атты облыстық семинарда “Үздіксіз кәсіби даму үдерісінде педагогтердің экологиялық құзыреттілігін арттыру” тақырыбында баяндама жасады. Семинар […]
Толығырақ2021 жылдың 15 – 30 қарашасы аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» тақырыбында байқау өткізді. Байқауда «Өрлеу» ББЖҚБАРИ аға оқытушысы Көмекова С.О. әділ-қазылар алқасының мүшесі болып, педагогтерді алқалы орындармен марапаттады. Қалалық байқаудың негізгі мақсаты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру […]
Толығырақ«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қарағанды филиалы «Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы бойынша PISA-2022-ге дайындық» тақырыбында облыстық вебинар өткізді. Вебинардың мақсаты: оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытуда тәжірибе алмасу, ең табысты білім беру тәжірибелерін түсіну. Вебинар Zoom платформасында Қарағанды облысы бойынша білім басқармасымен бірлескен қызмет жоспарына сәйкес «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ PISA-2022 халықаралық зерттеуіне қатысушы […]
Толығырақ«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Британдық Кеңес халықаралық ұйымымен бірлесіп ағылшын тілі мұғалімдері үшін үздіксіз кәсіби дамудың пилоттық бағдарламасын іске қосуда. Аталмыш іс-шара аясында Өрлеу-Павлодар филиалының қабырғасында ү.ж. 24-қараша күні «Ағылшын тілі мұғалімдерінің үздіксіз кәсіби дамуы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара онлайн және оффлайн форматында өтті. Қатысушылар қатарында Павлодар облысынан Future English Online Teacher Community […]
Толығырақ«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығы Павлодар филиалының «Кәсіби қызметке сәтті ену үшін жас педагогті қолдау жүйесін құру» инновациялық жобасы аясында (жетекшісі Идилуп Айман Төлегенқызы) ү.ж. қарашасында Павлодар қаласының № 18 орта мектебінің жас педагогтеріне арналған семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты – оқу материалының мазмұны, сабақтағы тайм-менеджмент, оқушылардың оң уәждемесін қалыптастыру мәселелерін талқылау. Кездесу барысында А.Т. Идилуп […]
Толығырақ