День: 03.02.2022

«Математикадан логикалық тапсырмаларды орындау тәсілдері» облыстық семинары аясында олимпиада өткізілді

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 3-ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдеріне «Математикадан логикалық тапсырмаларды орындау тәсілдері» тақырыбындағы облыстық семинар болды. Семинар аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында олимпиада өтті.Олимпиада ережесі негізінде дұрыс жауабын таңдау сұрақтары, бос орынды толтыру, […]

Толығырақ

МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КУРС. БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРАМЫЗ.

31 қаңтардан бастап ШҚО бойынша Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығында орта білім беру ұйымдарының математика мұғалімдеріне арналған “Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту” тақырыбы бойынша курс басталды. Бұл курстың мақсаты: пәнді оқыту сапасын арттыру үшін математика пәні мұғалімдерінің пәндік білім саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.    Курсты филиал тренері Гульнара Дюсембековна Апселемова жүргізеді.

Толығырақ

Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

«Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры м.а. Цой Наталья мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты КММ  директоры Сламбеков Ерлан өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум аясында ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу; білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру; білім алушылар […]

Толығырақ

Білім беру саласындағы өзгерістер мен оқу бағдарламасының маңыздылығы туралы ЖОО ғылыми-әдістемелік семинар өтті

«Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушы «Білім беру саласындағы өзгерістер мен оқу бағдарламасын жаңартудың өзектілігі» тақырыбында тренинг өткізді […]

Толығырақ

Интернат педагогтарының кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ұсынатын Кәсіптік оқыту мүмкіндіктері шеңберінде мектеп-интернаттарда жұмыс істейтін тәрбиешілерге арналған сертификаттау курсы әзірленді. Бұл курс оқыту мен тәрбиелеудің негізгі аспектілеріне бағытталған және курстан өтетіндерге “Интернаттық ұйымдарда тәрбие жұмысын жоспарлау және іске асыру бойынша педагогтердің психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту”тақырыбы бойынша терең білім береді. “Айыртау ауданының […]

Толығырақ

Функционалдық сауаттылық аясындағы шығармашылық ойлау

«Өрлеу» – Жамбыл 2 ақпан күні  Тараз қаласының №55 орта мектеп базасында пән  мұғалімдеріне  оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында  қатысушыларға халықаралық зерттеу бойынша барынша жаңа, тың ақпараттар беріліп, 2009  және 2018 жылдар бойынша талдау жасалды. Негізгі бағыттар бойынша тапсырмалар әзірленіп, талқыланды. Сонымен қатар өзекті болған жаңа бағыт бұл шығармашылық ойлау бойынша мәліметтер берілді. Практикалық бөлімде […]

Толығырақ

Айнаш Есимова Білім инновация лицейінде

3 ақпан күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы директоры педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Исимова Айнаш Есенгелдіқызы Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының директоры Эльма Исмаилмен кездесті.Іскерлік кездесу аясында институт пен білім беру мекемесі арасындағы алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыс жоспары талқыланып, қызмет түрлері нақтыланды.

Толығырақ

Ынтымақтастық аясында

«Өрлеу» Жамбыл облысы бойынша филиалы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім Басқармасының «Айша бибі» атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернаты» КММ арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында институт директоры м.а. Цой Наталья мен лицей-интернат директоры Бегімбай Меруерт бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды, Атап айтқанда: ғылыми және ғылыми-әдістемелік сипаттағы бірлескен іс-шараларды өткізу; […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар