Месяц: Май 2022

«Білім саласындағы әдіс-тәсілдер қоймасы» атты идеялар алаңыөтті

Идеялар алаңының негізгі мақсаты: өзбек тілі мен әдебиеті және бастауыш білім беру саласындағы жаңашыл әдістерді игерген, инновациялық, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін креатив педагогтердің іс-тәжірибелерін насихаттау және мәртебесін көтеру[…]

Толығырақ

Жетістік эстафетасы

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2020ж.» жүлдегері, Көкшетау қаласы №1 МГ директорының орынбасары, география пәні мұғалімі Мәдина Бейсенбаева  жетістік эстафетасын 2022ж.  конкурс қатысушысына тапсырады.  Жас педагог Аида Сағатова бейнесабақтарды жасау бойынша шебер педагогтен өзін қызықтырған сұрақтар төңірегінде жауаптар алды.

Толығырақ

Жазғы мектеп: тапсырма құрастырудың тиімді әдістері

Үстіміздегі жылдың 30 мамыр күні Меркі ауданы, №18 тірек мектебінде  Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Кошкинбаева Жанар «Блум таксономиясы негізінде сабақты жоспарлау және тапсырма әзірлеу» тақырыбында семинар өтті. Жазғы мектептегі химия және биология пәнінің мұғалімдеріне Блум таксономиясы негізінде сабақты жоспарлау мен қалыптастырушы бағалау тапсырмасын құрастырудың  тиімді әдістері ұсынылды. Мұғалімдер семинарда өз тәжірибелерімен […]

Толығырақ

Ерекше сабақ!

Меркі ауданының В.Савва атындағы №9 мектеп лицейінің педагогтері «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» қысқа мерзімді курсы аясында бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын дамытуда тәжірибе алмасу мақсатында әріптестеріне ерекше сабақ дайындады. “Жаратылыстану” пәні бойынша сабақты ұйымдастыруға  бірнеше бастауыш сынып мұғалімдері С. Вишнякова, О. Ли, Л. Шукурова, О. Баронецкая қатысты. Сабақ барысында мұғалімдер белсенді әдістерді, саралау, […]

Толығырақ

Жизак қаласындағы «Әйелдердің ғылым, білім, мәдениет және инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктері» атты халықаралық конференция

Ағымдағы жылдың 27 мамырында Жизақ политехникалық институтында «Әйелдердің ғылым, білім, мәдениет және инновациялық технологиялар саласындағы жетістіктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Халықаралық конференция жұмысына Жамбыл облысы бойынша КДИ директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары, п.ғ.к., қауымдық профессор Тайғанбекова Шынар қатысып, «Әртүрлі функционалдық мәтіндерде мағыналық […]

Толығырақ

«Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс жасауда жобалық іс-шараларды пайдалану»  тақырыбында халықаралық телекөпір

«Өрлеу» Жамбыл филиалының кітапхана ісі жөніндегі бас  маманы   Инна Грицинина «Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасауда жобалық қызметті пайдалану» атты халықаралық онлайн-конференцияға қатысты.  Ресей, Татарстан, Башқұртстан, Қырғызстан және Қазақстаннан катысқан әріптестер арнайы кітапханалар жұмысының әртүрлі аспектілерін, соның ішінде жобалық іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін, сондай-ақ кітапханалардың жаңа формалары мен мүмкіндіктерін талқылады. Көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандармен жұмыс […]

Толығырақ

География пәні мұғалімдері облысымыздың үздік ұстаздарымен тәжірибе алмасты

География пәні мұғалімдеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы барысында (оқытушысы «Өрлеу»-Павлодар» филиалының білікті маманы А.Ж.Несипбаева) тыңдаушылар бірқатар облыстық оқу орындарындарында өткен көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты. Ұстаздар институт қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алды. Курс жетекшісі Әлем Несипбаева қатысушыларды Облыстық дарынды балалар көпсалалы лицей интернатының, «Жас Дарын» мамандандырылған мектебінің, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, […]

Толығырақ

Мұғалімдердің бес тобы біздің курсымыздағы оқытуды тәмәмдады

📚Облысымыздың түпкір-түпкірінен келген физика, география, музыка, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері «Өрлеу»-Павлодар филиалында білімдерінің деңгейін арттырды. Екі апта бойы 5 топтан құралған ұстаздар қауымы жемісті әрі қызықты жұмыстың арқасында өзінің алдағы тәжірибесінде қолдана алатын ерекше дағдыларға ие болды. 📚Курс сабақтары сантүрлі болып, семинарлық сабақтарды да, көшпелі практикалық сабақтарды да қамтыды. […]

Толығырақ

Жамбыл облысында жаңа Оқушылар сарайының ашылуы өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Жамбыл облысының тұрғындары көптен күткен оқиғаның куәсі болды – жаңа әрі зәулім Оқушылар сарайы балаларға есігін айқара ашты. Оқушылар сарайының ашылуына «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Жамбыл облысы бойынша КДИ өкілдері қатысты. Білім беру ұйымдарының түлектері 4К моделінің икемді дағдылары мен құзыреттеріне ие болуы тиіс. Қосымша білім беруде қолданылатын оқыту нысандары, әдістері […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар