Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен және Ақтөбе облысы әкімдігі қолдауымен «Тіл-халық қазынасы» атты тіл жанашырларымен кездесу өтті. Кездесу биылғы жылы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы №398 Қаулысымен көрнекті лингвист- ғалым А.Байтұрсынұлы есімі берілген лингвистикалық мектеп – гимназиядан бастау алды. […]
Толығырақ31 тамыз – 9 қыркүйек аралығында Оралдағы «Өрлеуде» «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту (5-9сыныптар)» тақырыбында қосымша қысқамерзімді курс өтуде. Курс жетекшісі тәжірибелі тренер, аға оқытушы Таскалиева Гүлдана Ерсайынқызы. Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдеріне арналған курста 25 тыңдаушы өз біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасуда. Курс мақсаты: тарих пәні […]
Толығырақ23 тамыз күні Оралдағы «Өрлеуде» ұжым мүшелерінің қатысуымен тамыз кеңесі аясындағы отырыс өтті. Отырыста институт директоры Софья Измуханбетова сөз алып, Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында қозғалған мәселелермен таныстырып өтті. «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы пленарлық отырыста мектепке дейінгі, […]
Толығырақ«Өрлеу»-Павлодар қабырғасындағы пәндік курстарға тыңдаушылардың үшінші ағымы қатысуда. Олар осы аптадан бастап қыркүйектің 16-на дейін білімдерін ұштайтын болады. Тыңдаушылардың қататрында қазақ тілі, орыс пен ағылшын тілі, физика, математика, тарих, информатика пәндері мен бастауыш сынып педагогтері бар. Айта кетерлігі, біліктілікті арттыру шаралары бұл жолы Павлодар, Екібастұз бен Ақсу қалаларының білім ордаларында қатар ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі таңда […]
Толығырақ2022 жылдың 2 тамызында білім және ғылым жаңалықтары дәріптелетін «Шалқар» радиосының «Шалқар шаңырағында» хабарында Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Маханбетова А.Ә. «Бала тәрбиесіндегі мектеп пен отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында сұхбат берді. Тікелей эфирде радиожурналист Нұржамал Янгибаеваның қойған сұрақтарына жауап бере отырып, Ағима Әбілқызы жасөспірімдерді тәрбиелеуде мектеп пен отбасы арасындағы өзара сабақтастық […]
Толығырақ24 тамыз күні «Атамекен» өнер ордасында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиеттер» тақырыбында педагогтердің облыстық тамыз конференциясы өтті. Конференцияға БҚО әкімі міндетін атқарушы Арман Утегулов, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаева, «Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Софья Измуханбетова, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, педагогтер қатысты. Конференцияны […]
ТолығырақБүгін Батыс Қазақстан облыстық «AMANAT» партиясының партиялық актив отырысы өтті. Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жиынды “AMANAT” партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Мұқаев жүргізді. Талқылау барысында облыстық мәслихат депутаты Аркадий Рубцов, партиялық бақылау […]
Толығырақ«Мұғалімдердің кәсіби дамуындағы ХХІ ғасыр дағдылары» тақырыбындағы кеңейтілген Ғылыми кеңес өтті. Ғылыми кеңесті өткізудегі мақсат – «Өрлеу» БАҰО филиалының Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушылары Э.Б.Мирзалиева мен Ж.С.Хайрушевалардың «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша ақпараттар ұсыну. Эстония тәжірибесін оқу үрдісіне енгізіп, бірлескен жұмыстар жоспарланған білім ұйымдарының қызметкерлерімен бірге Эстонияның білім беру […]
ТолығырақБүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауды Оралдағы «Өрлеу» қызметкерлері ұжым болып тыңдадық. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асатын саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық бағытта жүзеге асатын іс-шаралар туралы айтылды. «Білім күнімен» қатар келген Жолдауында Мемлекет басшысы білім саласына енгізілетін өзгерістер туралы да айтып өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанды» құруда мектеп мұғалімдерінің […]
Толығырақ26 тамыз күні Оралдағы «Өрлеуде» 30 тамыз – Конституция күніне орай «Құқықтық міндеттер» тақырыбында турнир өтті. Шараға Жеңіс Хамзин жетекшілік ететін «Тарих пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» курсының тыңдаушылары қатысты. Институт кітапханасының бас маманы Индира Бадакованың ұйымдастыруымен өткен шарада мемлекеттің басты құжаты Ата Заңның рөлі мен міндеттері, маңыздылығы жөнінде айтылды. Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай […]
Толығырақ