«Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, жас отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша: «Отбасындағы қаржылық сауаттылық», «Жас отбасындағы тұңғыш баланы тәрбиелеу тәсілдерінің қағидаттары», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеудің алдын алу» әдістемелік құралдары әзірленді.
Кездесуде материалдармен танысып қана қоймай, сұрақтарды талқылауға, сарапшыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді.
Қазіргі жағдайда қаржылық әл-ауқат , тұрмыстық зорлық-зомбылық және балаларды тәрбиелеу мәселелері әлемдегі жеке әл-ауқат пен тұрақтылыққа бей-жай қарамайтын қоғамның әрбір мүшесін қызықтырады.
Іс-шараның барлық қатысушылары ұсынылған ресурстарға қызығушылық таныта отырып, әдістемелік құралдарда көтерілетін мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

- 13 Сен
- 2023