Месяц: Март 2023

“Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы жалғасуда

Бүгін институт кітапханасында “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, қоғам қайраткері – Төлен Әбдіковтың шығармаларын оқу сағаты өтті. Оқу сағатына облыстағы мектеп кітапханашылары, колледж студенттері, оқушылар, педагогтер қатысты. Кітапхана қызметкері Нұргүл Ермекова жазушы өмірі мен еңбек жолына, шығармаларындағы маңызды тақырыптарға тоқталды. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің кітапханашысы Р. Ескарина, Болгар мектеп-бақшасының кітапханашысы […]

Толығырақ

Болашақ педагогтарға арналған” Өрлеу”

“Өрлеу” -Ақмола Облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесіп, А. Мырзахметов атындағы  Көкшетау университетінің педагогикалық мамандықтарының магистранттары мен студенттері үшін ұйымдастырылған тікелей эфирге қатысты. Кездесу барысында педагогтердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар қаралды.  Филиал директорының ӘЖ  жөніндегі орынбасары Айгүл Зейнелова “Педагог” кәсіби стандартының негізгі ережелерін түсіндірді.

Толығырақ

Тірек мектептермен жұмыс

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында оқу үдерісінің сапасын арттыру бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға жағдай жасау, педагогтарының өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету[…]

Толығырақ

Мектептің «Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі» арқылы серіктестік жалғасуда

«Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі» туралы Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті[…]

Толығырақ

Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару

Жамбыл атындағы №120 орта мектепте жаратылыстану пәндерін оқытуда педагог кадрлардың шығармашылығын кәсіби тұрғыда үздіксіз арттыру, инновациялық білім беру нәтижесін жан-жақты дамытуға бағытталған аймақтық семинар өткізілді. Жаратылыстану бағыты бойынша химия, биология, география пәні мұғалімдері тәжірибе алмасқан «Жаратылыстану ғылымы: жаһандық жаңару» тақырыбындағы семинар жұмысына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Орынкүл Мыханова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда […]

Толығырақ

«Өрлеу» Қызылордада Республикалық конференция өтті

Бүгінде тәуелсіз Отанымыздың тамыры терең тарихы мен айбарлы азаттығының шежіресі айрықша маңызды тақырыпқа айналып отыр. Қазақ елінің айбынын асыру мен ордасын орнықтыруды маңызды міндет санаған аса көрнекті қайраткер, дара тұлға Абылай ханның туғанына 310 жыл толуына орай «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Көрнекі тұлға және оның тарихқа қосқан үлесі: тұлғатану ұстанымдары тарихи білім беруде» тақырыбында […]

Толығырақ

Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі

Мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі қазіргі кезде оқыту үдерісінде табысты қолданылуда. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында оқыту үдерісінде «Lesson Study» тәсілін қолданудың тиімділігін арттыру бойынша курстан кейінгі қолдауға бағытталған «Lesson study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға Қызылорда облысының аудандарынан 2022 […]

Толығырақ

Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Білім саласы қызметкерлерінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған «Білім […]

Толығырақ

ETF цифрлық білім беру реформасының шеңбері

Еуропалық оқыту қоры (ETF) Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның білім беру және оқыту саласының өкілдері мен Еуропаның білім беру ұйымдарына арналған «ETF цифрлық білім беру реформасының шеңбері: баршаға арналған цифрлық құзыреттілікті дамытуға жүйелі көзқарасты қолдау құралы» тақырыбында вебинар өткізді. Вебинарға «Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесінің мазмұны» кафедрасының меңгерушісі Жартынова Жанар қатысты. Іс-шара барысында […]

Толығырақ

Сабақты зерттеу тәсілін енгізу арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту

Наурыздың оныншы жұлдызында Май ауданының Аманкелді Иманов атындағы жалпы орта білім беру лицей-мектебінде «Сабақты зерттеу тәсілін енгізу арқылы педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында аудан мұғалімдеріне арналаған семинар ұйымдастырылды. Оған модератор ретінде жергілікті «Өрлеу» оқытушысы Өміргүл Ертісхан, аудандық білім беру бөлімінің мамандары және 50-ге жуық мұғалім мен балабақша әдіскерлері қатысты. Семинардың мақсаты Lesson Study үдерісін іске […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар