Месяц: Май 2023

«Өрлеу» Қырғызстан педагогтері үшін «Білім беру үдерісіндегі оқытудың инновациялық әдістері» атты халықаралық семинардың 2-ші күнін өткізді

Семинардың 2-ші секциясы «Қарлығаш» балабақшасындағы шебер-сағаттан бастау алды. “Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту” тақырыбына арналған шебер-сағатты «Қарлығаш» балабақшасының директоры Казакпаева Б. және филиал тренері Тусупова Г.У. жүргізді.Жиын барысында педагогтер ойынды түсінудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін зерттеп, оны қолдану дағдыларын меңгерді. Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу, жаңа бағдарламалар арқылы мультфильм жасау әдістерін тәжірибе […]

Толығырақ

«Өрлеу» Қарағанды филиалы 2023 жылдың 15 мамыры мен 19 мамыры аралығында облыс педагогтеріне арналған ақпараттық вебинарлар сериясын өткізді.

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2023 «Өрлеу» Қарағанды филиалы 2023 жылдың 15 мамыры мен 19 мамыры аралығында облыс педагогтеріне арналған ақпараттық вебинарлар сериясын өткізді. Вебинарлар аясында филиал әдіскерлері педагогтерді «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық конкурсын өткізудің ерекшеліктерімен, жалпы шарттарымен, мақсаттарымен, міндеттерімен, бағыттарымен таныстырды. Вебинарға 80-нен астам педагог қатысты. Вебинар барысында келесі сұрақтар қарастырылды: 1. Конкурсқа кімдер қатыса алады? 2. […]

Толығырақ

Сізді ЮНЕСКО-ның Алматы кластерлік бюросының қолдауымен Teachers Lab компаниясынын байқауына қатысуға шақырамыз

Құрметті ұстаз! Сізді ЮНЕСКО-ның Алматы кластерлік бюросының қолдауымен Teachers Lab компаниясынын байқауына қатысуға шақырамыз. Байқаудың мақсаты – ТДМ 2030-ға қол жеткізу үшін Қазақстанның білім беру жүйесінде Тұрақты даму мақсаты үшін білім беруді (ТДМББ) және жаңа технологияларды ілгерілету және тарату. Сізде елдің бүкіл білім беру қауымдастығы үшін пайдалы болуы мүмкін бірегей тәжірибе мен білім бар деп […]

Толығырақ

“Педагогикалық идеялар панорамасы” республикалық байқауы бастау алды

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдары үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды! «Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бірі бойынша (ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу), оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық […]

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курсы аясындағы тәжірибелік экскурсия

2023 жылдың 10-19 мамыры аралығында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушысы Жақсым Орынбек физика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курстың бағдарламалық мазмұны негізінде физика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамытуға барынша қолдау көрсетілуде. Курс барысында орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері, «Физика» пәнінің күрделі тақырыптары және Lesson Study технологиясы […]

Толығырақ

Жеңімпазбен кездесу

“Өрлеу”-Ақмолада курс   тыңдаушылары   2022 жылғы “Педагогикалық идеялар панорамасы” байқауының облыстық кезеңі  жүлдегері ,Көкшетау қаласы техникалық лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Надежда Пивеньмен  кездесуі өтті,  байқау жеңімпазы  байқаудың педагогтарға ашатын мүмкіндіктері мен қатысу ережелері туралы  айтып берді.

Толығырақ

«Пән мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту деңгейіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында семинар өткізілді.

Филиалы педагогтері, магниттік мектептерге әдістемелік сүйемелдеуге арналған «Пән мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту деңгейіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында қалалық семинар өткізді[…]

Толығырақ

ШҚО педагог-блогерлері “Өрлеуде”

Блогерлер бірігеді: бұл кімдер үшін қажетті? 16 мамырда Өскемен қаласынан келген педагог-блогерлер тобының, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің @three_u_school үлкен кездесуі өтті Бұл атақты төрттіктің ұраны – “Біз жұмыста жанып кетпей, қалай жандандыруды білеміз”. Сондықтан жұмысқа жаны берілген жас блогерлер “Ұстаздар үйіне” ат басын бұруды шешіпті. Филиал тренері Мара Мамиеваның қолдауымен Алла Айтпаева, Лидия Фоминых, […]

Толығырақ

«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023»республикалық байқау талаптары

«Өрлеу» Қарағанды филиалында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары үшін аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту саласында заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану бойынша «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» республикалық бейнесабақтар мен бейне дәрістер конкурсының өңірлік кезеңі басталды. Педагогтер өздерінің авторлық әзірлемелерін 12 бағыттың бірі бойынша бейнероликтер түрінде ұсына […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар