Бүгін Астанада Өрлеу филиалдарының оқытушылары, директорлардың орынбасарлары мен директорларын оқыту басталды. «Педагогтердің кәсіби дамуы бойынша тренерлерді даярлау курсы» семинарына Өрлеудің 50 қызметкері қатысуда. Оқыту 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде (Астанада 5 күндізгі сабақ) семинарға қатысушылар мынадай тақырыптарды қарастырады: педагогтердің практикасын кәсіби даму құралы ретінде бағалау; педагогтердің кәсіби даму қажеттіліктерін анықтау; сабақты бақылауды ұйымдастыру және жүргізу; […]
Толығырақ20-25 қараша аралығында Астана қаласында өтіп жатқан “Педагогтердің кәсіби дамуын басқару” тақырыбындағы тренерлерді оқыту курсына Өрлеу Маңғыстау филиалының оқытушылары мен әдіскерлері қатысуда.Тренерлерді оқыту мен сертификаттаудың негізгі мақсаттары: педагогтердің кәсіби дамуының тиімділігі мен сапасын арттыру; педагогтердің кәсіби дамуын қолдау үшін тренерлер командасын қалыптастыру. Курс 3 кезеңнен тұрады: 1кезең – теориялық-әдістемелік блок (Астана), 2-кезең – практика, 3-кезең […]
Толығырақ20 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты мұғалімдеріне оқушыларды ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) дайындауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын, соның ішінде интернет-платформаларды қарастыру, заманауи оқыту технологиялары арқылы […]
Толығырақ