Месяц: Ноябрь 2023

Педагогтердің кәсіби дамуын басқару

20-25 қараша аралығында Астана қаласында өтіп жатқан “Педагогтердің кәсіби дамуын басқару” тақырыбындағы тренерлерді оқыту курсына Өрлеу Маңғыстау филиалының оқытушылары мен әдіскерлері қатысуда.Тренерлерді оқыту мен сертификаттаудың негізгі мақсаттары: педагогтердің кәсіби дамуының тиімділігі мен сапасын арттыру; педагогтердің кәсіби дамуын қолдау үшін тренерлер командасын қалыптастыру. Курс 3 кезеңнен тұрады: 1кезең – теориялық-әдістемелік блок (Астана), 2-кезең – практика, 3-кезең […]

Толығырақ

Семинар-практикум өтті

        20 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.     Семинар ғылыми-жаратылыстану, математика бағыты мұғалімдеріне оқушыларды ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) дайындауда әдістемелік көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды.     Функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын, соның ішінде интернет-платформаларды қарастыру, заманауи оқыту технологиялары арқылы […]

Толығырақ

“Өрлеу-Қостанай” филиалы театр педагогикасы бойынша үш күндік тренинг өткізді.

Барлық күндер қызықты сабақтарға толы болды, мұғалімдер теорияны тереңдетіп қана қоймай, алған білімдерін іс жүзінде белсенді қолданды. Олар смарт-орталықта, балалар шығармашылығы мектебінде және №28 мектеп-гимназияда болып, театр үйірмелерінің қалай ұйымдастырылып, жүргізіліп жатқанын көрді. Семинарды театр  саласындағы көрнекті мамандар -театр және кино актері, педагог Марғұлан Әбдібеков және режиссер, театр студиясының жетекшісі Виктор Коваленко өткізді. Семинарда педагогтар […]

Толығырақ

«10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту» 

Ағымдағы жылдың 06 қарашасында «Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институтында аға оқытушы Айгерім Мендекенованың  жетекшілігімен басталған «10-11 сыныптарда күрделі тақырыптарды меңгеруде ағылшын тілі мұғалімінің пәндік құзыреттілігін дамыту»  ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы сәтті аяқталды.   Курс аясында жалпы орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құндылықтарын қалыптастыру, білім беру саласындағы жалпымемлекеттік басымдықтар, […]

Толығырақ

Оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

2023 жылдың 15 қарашасында Алматы облысы Талғар ауданының №13 орта мектебінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Айгуль Байузакованың ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта оқушылардың жылдам оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты бастауыш сынып оқушысының оқу жылдамдығын тежейтін  қиындықтар мен кедергілерді анықтау және жою жолдарын жинақтау болып табылды. Іс-шараға аталған мектептің 22 бастауыш […]

Толығырақ

4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту

Әріптесіміз Жұмабаева Ақбілек Қошқарбайқызының “4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту” тақырыбындағы әдістемелік нұсқаулығы ОӘК шешімімен жарыққа шықты. Әдістемелік нұсқаулық 4Д ойыны арқылы Softskills дағдыларын дамыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтерге арналған.Әдістемелік нұсқаулықтың толық нұсқасын https://orleuedu-my.sharepoint.com/…/EX… сайтынан оқи аласыздар.

Толығырақ

Екі күндік облыстық семинар-практикум өтуде

       2023 жылдың 16-17 қараша күні Оралдағы «Өрлеу» филиалының ұйымдастыруымен Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы  мектеп-лицейінде «Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары» тақырыбында екі күндік облыстық семинар-практикум басталды. Сырым ауданының бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған  семинар жұмысына Кәсіби білім беру кафедрасының меңгерушісі  Сәнім Абитова мен  аға оқытушы Динара Жумагалиева жетекшілік етуде.               Бұл семинар  білім алушылардың […]

Толығырақ

Мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі қиындықты және табысты оқу мен оқытуды анықтау

2023 жылдың 16 қарашасында Өрлеу-Маңғыстау филиалы онлайн форматта «Мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі қиындықты және табысты оқу мен оқытуды анықтау» әдістемелік семинарын өткізеді.

Толығырақ

«Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару»

Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Гульнар Сулейменованың жетекшілігімен орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде.  Білім беру бағдарламасының өзектілігі қазіргі заманғы көшбасшының басқарушылық қызметін тұрақты даму призмасы арқылы трансформациялау қажеттігінде.  Курс сапалы білім беру ортасын құру және квалиметриялық әдісті қолданып заманауи мектепте білім сапасын бағалау […]

Толығырақ

Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару

Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару Өрлеу – Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару» тақырыбындағы мектеп басшыларына арналған курс жалғасуда. Курс барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, психологиялық-педагогикалық қолдау, басқару мазмұны мен әдістерін жетілдіру, әлемдік тәжірибе, сапа менеджменті, цифлық құзіреттілікті дамыту, басшыларға арналған […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар