📈2024-2025 жылдарға арналған «Нысаналы» мектептерді дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмысты іске асыру аясында СҚО «Өрлеу» аға оқытушылары 3 күндік семинарды табысты аяқтады. 🔸
📘Ұйымдастырылған іс-шара «Жұмабек Ташенов атындағы № 20 орта мектебі» КММ базасында өткізіліп, педагогтерге әдістемелік көмек көрсету, сабақтарға қатысу жұмысы маңызды болды.
🔰✅СҚО «Өрлеу» оқытушылары педагогтердің сабақтарына қатысу арқылы жоспарлаудың әдістемелік негіздерін, SMART форматына сәйкес сабақты құрылымдауды, оқыту процесінде қалыптастырушы бағалаудың құралдарын қаншалықты кіріктіру деңгейлерін анықтады. Қатысушыларға сабақ жоспарын әзірлеу бойынша ұсынымдар, өз тәжірибелерінде оқыту процесін тиімді етуге негізделген белсенді оқытудың жолдары семинардың бірінші күні нақты зерделеніп, нәтижеге жету процесін өзектендіруге мүмкіндіктер ұсынылды.
📘Семинардың үшінші күні жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер сабақтарына қатысып, сабақ берген педагогтермен талданып, өзара сындарлы кері байланыс берілді. Келешектегі жоспарымызға жас педагог пен тәжірибелі педагогтің ұжым ішінде қысқамерзімді сабақ жоспарын үлгілеуге негізделген шеберлік сынып өткізу іс-шарасы белгіленді.

- 17 Янв
- 2025