2025 жылдың 4 сәуірінде СҚО «Өрлеу» филиалында облысымыздағы нысаналы мектептердің жас педагогтеріне арналған трансформациялық семинар-тренинг өтті.
👩🏫 Шараға Қызылжар, Аққайың, Есіл, Шал ақын ауданы, Ғ.Мүсірепов ауданы және Петропавл қаласының нысаналы мектептерінен еңбек өтілі 5 жылға дейінгі 22 жас педагог қатысты.
🗣 Семинар-тренингтің модераторы – Г.К. Әлжанова, СҚО «Өрлеу» қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы.
🌟 Шараның басты спикері – Қызылжар ауданы «Парасат» мектеп-лицейі директорының орынбасары, химия/биология пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі Алдабергенева Бақыт Ерікқызы болды. Ол мамандығына деген шынайы махаббатымен, педагогикалық лайфхактарымен, тәжірибесімен және жеке жаңалықтарымен қатысушыларды шабыттандырды 🙌
❤️ Спикер әрбір сабақта оқушыға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығына ерекше тоқталып, тиімді шешім ретінде әр сабақта 2–3 тренинг немесе белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануды ұсынды. Бұл тәсіл балаларға сергіп, сабаққа қызығушылықпен араласуға, сыныптағы атмосфераны жақсартуға және сабақтың мазмұнын жандандыруға көмектесетіні атап өтілді 🌈
📝 Қатысушылар педагогикалық күнделік жүргізуді үйреніп, өтілген курстарды, тренингтер мен семинарларды жүйелеудің – өзін-өзі ұйымдастыруға арналған құрал ғана емес, сонымен қатар кәсіби өсуге үлкен мотивация екенін түсінді 🚀
💻 Сонымен қатар, білім беру саласының цифрлануы да назардан тыс қалмады. Заманауи мұғалім – бұл технологиядан қорықпайтын, керісінше, уақытпен бірге қадам басатын, жаңаны үйренуге ұмтылатын, және өзінің кәсіби әлеуетін кеңейтуге әрдайым дайын маман 📱💡
🌟 Семинар ашық диалогта, қолдау мен шабыт атмосферасында өтті. Жас педагогтер жаңа идеялармен, мотивациямен және ішкі сеніммен оралды. Ең бастысы – осы рухты жоғалтпау және осындай ортақ шабыт алаңдарын құруды жалғастыру ✨