2025 жылғы 15 сәуірде СҚО «Өрлеу» филиалы Петропавл қаласының Білім бөлімімен бірлесіп № 25 Әлихан Бөкейхан атындағы орта жалпы білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді.

 2025 жылғы 15 сәуірде СҚО «Өрлеу» филиалы Петропавл қаласының Білім бөлімімен бірлесіп № 25 Әлихан Бөкейхан атындағы орта жалпы білім беретін мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өткізді. 👩‍🏫📘

Семинар барысында СҚО «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары — Абдрахманова Ж., Жусупова А., Кусаинова А., Дукетбаева А., Каиржанова Т., Магзумова А., Жангудина Р. — ашық сабақтар өткізіп, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы заманауи белсенді әдіс-тәсілдер мен практикалық тапсырмаларды тәжірибеде қолданудың тиімді жолдары бойынша өзара тәжірибе алмасты. ✍️🔍

Сонымен қатар оқу процесінде заманауи цифрлық ресурстар мен интерактивті білім беру платформаларын жүйелі қолдану арқылы білім алушылардың сыни ойлау қабілеті мен проблемаларды шешу дағдыларын дамыту мәселелері қарастырылды. 💻🧠

Семинар соңында СҚО «Өрлеу» филиалының «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедра» аға оқытушысы Алима Кабденова ашық сабақтарға талдау жасап, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. 📊🗂

№ 25 Әлихан Бөкейхан атындағы орта жалпы білім беретін мектеп директоры Сәуле Тұрсыноваға ынтымақтастығы мен кәсіби тәжірибесі үшін алғыс білдіреміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар