«Халықаралық ынтымақтастық аймақтағы жастардың кәсіби өсу ресурсы ретінде» кәсіби диалог алаңында Малайзияның Селангор штаты, Серданг қаласындағы Путра университетінің компьютерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жалпы білім беретін мектептердің педагогтері, білім алушылары және студенттер бас қосты.
Мектептерде кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру «Өрлеу» СҚО филиалында өткізілетін біліктілікті арттыру курстарымен тығыз байланысты. Бұл курстар барысында педагогтер білім алушыларға болашақ мамандықты таңдауда тиімді қолдау көрсетуге қажетті құралдарды меңгереді. Кәсіби диалог «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейі» КММ және «Бірінші қалалық жалпы білім беретін IT-лицейі» КММ білім алушылары үшін болашақ мамандықты таңдауда үлкен мүмкіндік.
Шетелдік ЖОО спикерлері — Abdullah Lili және Abdullah Azizol қауымдастырылған профессорлары қатысушылардың халықаралық білім алу мүмкіндіктері мен IT саласындағы мансаптық өсу келешегі туралы көзқарасын кеңейтті.
Сонымен қатар, «Жұмысшы мамандықтарының жылы» аясында білім алушыларды және студенттерді заманауи IT салаларына тартатын, инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыратын, жобаларда бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын дамытатын кәсіптік бағдар беру платформасын құру ерекше маңызды.