«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының оқытушылары мен Астана қаласының әдістемелік орталығының әдіскерлері әдістемелік көмек көрсету үшін мақсатты мектептердің сабақтарына жүйелі түрде қатысуда. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында 11 ақпанда №21 орта мектептің сабақтарына қатысты. Бақылау қорытындысы бойынша педагогтарге сабақтың мақсаттарын тұжырымдау, тиімді тайм-менеджмент, уақытылы кері байланыс және оқытудағы сараланған тәсілді есепке алу бойынша әдістемелік […]
ТолығырақЕліміздің әр өңірінде «Баршаға қолжетімді сапалы білім» атты Ұлттық баяндама негізінде енгізілген «Мақсатты мектептер» жобасы аясында «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының қолдауымен мақсатты мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек беру жұмыстары жалғасуда. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы №28, №106, №111 орта мектептерінде мұғалімдердің педагогикалық дағдыларын жетілдіруге, зерттеушілік қабілеттерін дамытуға және білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған семинар-практикум өткізілді. […]
ТолығырақАғымдағы жылдың 10-14 ақпан аралығында «Өрлеу»-Жамбыл қызметкері, аға оқытушы Каркабаева Парида мақсатты мектептердің математика пәні мұғалімдеріне «Математика сабақтарында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында 40-сағаттық біліктілігін арттыру курсын өткізуде. Курстың мақсаты: орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыру үшін математика пәні мұғалімдерінің пәндік және кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру. Курс барысында тыңдаушылар оқу нәтижелеріне қойылатын заманауи талаптарды […]
ТолығырақБүгін Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасын түсіндіру жұмыстары аясында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері мен платформаға жауапты қызметкерлер қатысты. Семинар барысында платформаға деректерді енгізуге жауапты тұлғаларға қолдау көрсетіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Семинарда мұғалімдер туралы мәліметтерді енгізу, техникалық қолдау және 2025 жылы аттестаттаудан өтуге […]
Толығырақ12 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында институт қызметкерлеріне арналған онлайн-семинар өтті. Семинардың тақырыбы «Қоғамның бастамашылық жасап хабарлау саясаты мен Қоғамда қызметтік тексеру жүргізу қағидалары ережелерін түсіндіру» болды. Іс-шараны «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сағидолла Сәкенов жүргізді. Семинардың негізгі мақсаты – қызметкерлерге қоғамның хабарлау саясаты мен қызметтік тексеру жүргізу қағидаларын түсіндіру. Бұл […]
Толығырақ