2025 жылдың 20 ақпаны күні “Өрлеу” Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының оқытушылары Арай Қарсыбаева, Мариям Мухамадиева, Айгүл Байұзакова және Нұрсәуле Джанбырбаева ұйымдастырған тәжірибелік семинар өтті. Семинар Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі мен Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, №24 мектеп-лицейінде ұйымдастырылды. Семинар бастауыш сынып оқушыларының математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамытуға бағытталған. Оған […]
ТолығырақБүгін Самара педагогикалық мемлекеттік университетімен халықаралық ынтымақтастық туралы меморандум аясында Оралдағы «Өрлеу» филиалы директорының орынбасары К. И. Байкатова «XXІ ғасырдағы арнайы және инклюзивті білім берудің проблемалық өрісі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияға қатысты. Конференция жұмысына Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті (Минск), Түзету педагогикасы институты ((Мәскеу), Ичунь университеті (ҚХР) қызметкерлері қатысты. Конференцияны Самара […]
Толығырақ«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылдың 20 ақпан күні жедел жоспарға сәйкес Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл толуына орай, жазушының «Қаһар» романындағы тарихи және әдеби құндылық» тақырыбы бойынша шығармашылық хакатон өткізді. Шығармашылық хакатонды ұйымдастырған Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары Байболова Гүлжанат Ғабдулахметқызы мен Есентаева Айжан Ыдырысқызы. Шығармашылық […]
ТолығырақБүгін, 19 ақпан күні Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 мектеп – лицей арасындағы ынтымақтастық шеңберіндегі іскерлік басқосу болды. Кездесу барысында 2025 жылға жоспарланған екі ұйымға ортақ іс-шаралар барысы талқыланды. Өз кезегінде Тараз қалалық №3 мектеп – лицейдің директоры Маулен Райқұлұлы мектеп ұжымының оқу жетістіктерімен қатар, білім беру […]
ТолығырақБүгін Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты қызметкерлерінен құралған мобильдік топ мүшелері облыстық білім басқармасымен бірлесіп, «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» бойынша кеңейтілген әдістемелік кеңес өткізіп, «Ұстаз» платформасын түсіндіру мақсатында аудандық және қалалық колледждерінің педагогтеріне әдістемелік түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басты мәселе-«Ұстаз» Ұлттық платформасында аттестаттаудан өту үшін комиссия құру және педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі […]
ТолығырақБүгін Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының ұйымдастыруымен «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына» енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тәжірибеде жүзеге асыру мәселелерін талқылауға арналған облыстық семинар-кеңес өтті. Облыстық семинар кеңеске «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша кәсіби […]
Толығырақ2025 жылдың 17 ақпанынан бастап «Өрлеу» оқытушылары үшін екі маңызды курс басталды: «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс». Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтынан «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының оқытушылары Меруерт Бисенбаева, Ляззат Адыбаева, Ғалым Іркітбай, Гаухар Джарылгамысова, Ринад Көшербаев және Жетісу облысы […]
Толығырақ18 ақпанда кафедра меңгерушісі Ляйля Каирбековна мақсатты мектептердің негізгі деңгейдегі білім беру бағдарламасы бойынша оқудан өткен педагогтерді курстан кейінгі сүйемелдеу шеңберінде ұйымдастырылған математика мұғалімдеріне арналған «Математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу үшін FILA кестелерін пайдалану» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты мұғалімдерге математикалық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды әзірлеу үшін FILA кестелерін пайдалану дағдыларын дамыту. Семинар барысында […]
Толығырақ«Өрлеу» Басқармасының ұйымдастыруымен 17-21 ақпан аралығында өтетін «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыбындағы курсқа «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан 6 тренер қатысып жатыр. Инклюзивті білім беру саласындағы халықаралық сарапшы, психология ғылымдарының докторы, Хьюстон университетінің психология факультетінің профессоры Елена Григоренко курс қатысушыларына ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жалпы принциптерімен таныстырды. Сонымен […]
Толығырақ17 ақпанда Астанада Өрлеудің оқытушыларына арналған «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» және «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс» тақырыптарында оқыту курстары басталды. «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» курсына «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалынан 6 тренер қатысып жатыр. Курста халықаралық спикер, білім беру өлшемдері және психологиялық тестілеу […]
Толығырақ