Месяц: Сентябрь 2025

Президент Жолдауы – жаңа кезеңнің бастамасы! 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ барлық филиалдарында, соның ішінде Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында ZOOM-конференция арқылы ұжымдық тыңдалым өтті. Шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ АРҚЫЛЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» атты Жолдауы кеңінен түсіндіріліп, негізгі бағыттары талқыланды. Жолдаудың негізгі аспектілерін – Мемлекет […]

Толығырақ

«Қаржылық сауаттылық негіздері». ҚР Ұлттық Банкінің Атырау облыстық филиалында педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған алғашқы курс аяқталды

Атырауда ұстаздарға арналған «Қаржылық сауаттылық негіздері» атты бес күндік алғашқы курс өз мәресіне жетті. Бағдарлама ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының бірлескен ынтымақтастығы аясында жүзеге асуда. Оқыту барысында тыңдаушылар қаржылық мінез-құлық психологиясы, отбасылық бюджет жүргізу, инфляция мен несиенің ерекшеліктері, инвестициялау қағидалары, цифрлық активтерді пайдалану, қаржы пирамидалары мен интернет-алаяқтықтан қорғану […]

Толығырақ

Бастауыш сынып педагогтеріне арналған қалалық семинар өтті

2025 жылдың 19 қыркүйек күні «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбында білім беру ұйымдарының бастауыш сынып педагогтерінеарналған біліктілікті арттыру курс аясында Алматыкітап баспасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес бастауыш мектептегі сабақтарда және сабақтан тыс уақытта балаларды тәрбиелеудің мазмұны» тақырыбында қалалықсеминар өтті.  Семинар аясында: ✓ Алматыкітап баспасы оқулықтары ҚР Оқу-ағарту министрлігі БМСО сараптамасынан өткен. ✓ Тыңдаушылар Алматыкітап баспасының«TopIQ» электрондық оқулықтар платформасымен танысты. Платформа онлайн, ал мобильді қосымшасы офлайн […]

Толығырақ

«Өрлеуде» Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

🏫 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. 🗣️Саяси ғылымдар докторы, профессор, Мемлекет тарихы институтының Еуразиялық және саяси зерттеулер бөлімінің жетекшісі Венера Абықанқызы Жексембекова Жолдаудың негізгі бағыттарын жан-жақты талдап берді. 📚Өз сөзінде ол білім беру […]

Толығырақ

Педагогтер қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі сарапшылармен талқыланды

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының алаңында әдістемені енгізудің барысы жан-жақты талқылады. Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова рейтингтік бағалау әдістемесі педагогтерді бақылау үшін емес, керісінше ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. «Әдістеме негізінде үздік педагогтер мен басшылардың республикалық дерекқоры қалыптасады. Бұл дерекқор кәсіби қауымдастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жол ашады», – деді Айдана Шилибекова. Бағалау ерікті түрде «Ұстаз» ұлттық […]

Толығырақ

InTrend: Киберқауіпсіздік негіздері

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында InTrend корпоративтік оқыту бағдарламасы жалғасуда. Кәсіби ұжым қызметкерлеріне Ақпараттық қауіпсіздік офицері Асель Шингисова «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді. Оқыту барысында қатысушылар дербес деректер мен жұмыс тіркелгілерін қорғау тәсілдерін меңгерді. Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаны қауіпсіз пайдалану, ашық дереккөздермен жұмыс істеудегі тәуекелдерді азайту, сенімді құпия сөздерді құру және сақтау, интернетке қосылған […]

Толығырақ

Маңғыстау облысында қаржылық сауаттылық курсы басталды

Бүгін Маңғыстау облысында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық банкінің бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсының екінші легі басталды. Курс педагогтерге қаржылық сауаттылықты оқыту әдістерін үйретіп, ұлттық қаржы жүйесі, инвестиция негіздері, жеке қаржыны басқарудың заманауи тәсілдері секілді маңызды тақырыптарды қамтиды. Өрлеу-Маңғыстау филиалының директоры К.Тлеуов курс тыңдаушыларына сәттілік тілеп, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығын атап […]

Толығырақ

«Өрлеу» Қарағанды филиалының директорына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Қарағанды облысы бойынша кәсіби даму институтының» директоры Жетписбаева Мейрамгүл Асылбекқызына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі №1564 бұйрығымен «Білім» бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Бұл мәртебелі атақ – Мейрамгүл Асылбекқызының көпжылдық еңбегі […]

Толығырақ

📢 Құрметті педагогтер!

🛜 Әлеуметтік желілерде жасанды интеллектіні қолдануға арналған курстың куәлігі сатылады деген ақпарат тарап жатыр. Бұл – жалған мәлімет. 🌐 «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп әзірлеген жасанды интеллектіні оқу процесінде қолдану курсы толығымен тегін. Оған еліміздің кез келген өңіріндегі педагог reg.orleu.edu.kz сайты арқылы тіркеліп, LMS платформасында өзіне ыңғайлы уақытта онлайн қатыса алады. 🪪 Курс […]

Толығырақ

Мемлекеттік грант иегері атанды

Қуанышты жаңалық! «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Сандуғаш Оралханқызы ғылым жолындағы тағы бір үлкен жетістігіне қадам басты. Әріптесіміз Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетіне докторантураға түсіп, мемлекеттік грант иегері атанды. Сандуғаш Оралханқызының алдағы ғылыми жолында жаңа белестерді бағындырып, білім беру саласының дамуына зор үлес қосуына […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар