День: 26.12.2025

Педагогтерді аттестаттаудың 2025–2026 жылдарға арналған кезеңі басталды

«Ұстаз» цифрлық платформасында педагогтерді 2025–2026 жылына арналған аттестаттау кезеңі басталды. «Педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» санаттары бойынша аттестаттау үдерісі толықтай цифрлық форматта жүзеге асырылады. Педагогтер туралы мәліметтер бірқатар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған. Сонымен қатар платформада аттестаттау мәселелері бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап беріп, техникалық мәселелерді жедел шешуге көмектесетін AI-ассистент іске қосылды. Толығырақ материалдан танысуға болады.

Толығырақ

Педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі бойынша бейненұсқаулық

«Ұстаз» ұлттық платформасында педагогтердің жеке профильдерін толтыру тәртібі бойынша бейне-нұсқаулық. Платформаға мәліметтерді енгізу деректерді енгізуге жауапты тұлғалар арқылы жүзеге асырылады.

Толығырақ

Биыл іске қосылған «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы 93,1 мың педагог аттестаттаудан өтті

Биыл алғаш рет республика бойынша «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы іске қосылды. Бұл – педагогтерді аттестаттау үдерісін толық цифрландыру жолындағы маңызды қадам. Жыл ішінде платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог біліктілік санаттарына өтініш берді. Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түрде алынады. Қызмет орны, еңбек өтілі, білім деңгейі мен кәсіби жетістіктері […]

Толығырақ

Жыл сайын мұғалімдердің 33,3%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді

Оқу-ағарту министрлігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс жасап келеді. «Педагог мәртебесі» туралы Заңға сәйкес, педагогтердің біліктілігін арттыру үш жылда кемінде бір рет жүргізіледі. Әр жыл сайын Қазақстандағы мұғалімдердің 33,3%-ы біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. «2025 жылдың басынан бері ел бойынша орта білім беру жүйесінің 91 мыңнан астам педагогі мемлекеттік бюджет есебінен біліктілікті […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар