Филиалда тарих және құқық негіздері пәні мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектептегі инновациялар: тарих және құқық негіздерін оқытудағы функционалды сауаттылық» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференция жұмысында тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудағы функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың өзекті мәселелері, сондай-ақ PISA халықаралық зерттеуінің талаптарын орындау және ЖИ дәуіріндегі педагогтің жаңа рөлі жан-жақты қарастырылды. Тарихи-құқықтық білім берудің мазмұнын жаһандық трендтерге […]
Толығырақ№ Өңір Жеңімпаздың аты-жөні Оқу сауаттылығы 1 Батыс Қазақстан облысы Джумашева Гайша 2 Шымкент қаласы Еркін Ақерке 3 Шығыс Қазақстан облысы Байбулова Айнаш 4 Жамбыл облысы Бердалиева Гулбахыт 5 Қостанай облысы Афанасьева Ирина 6 Павлодар облысы Баядилова Мейрамгуль 7 Солтүстік Қазақстан облысы Мусина Дильнара Математикалық сауаттылық 8 Батыс Қазақстан облысы Утегенова Айнур 9 Ақмола облысы […]
ТолығырақБүгін Ұстаздар үйінде «Педагогтің кәсіби мүмкіндіктері мен тұлғалық қасиеттері» педагогтерді курстан кейінгі қолдау облыстық форумы өтті. Форум жұмысына Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда облыстық әдістемелік оқу орталығы, қалалық білім бөлімі және БАҚ өкілдері, филиалдың аға оқытушылары мен аймақ педагогтері қатысты. Форумның тәжірибелік алаңында үздік идеяларды қамтыған тәжірибелік жұмыстар, сондай-ақ өзекті мәселелер талқыланған панельдік сессиялар […]
ТолығырақМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мұғалімдер мен оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру бағытындағы кешенді шаралар жалғасуда. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп, балаларға ақша басқарудың негізгі дағдыларын үйрететін анимациялық фильм дайындады. «Қаржы әлемі» – орман қалашығында өмір сүретін мектеп оқушылары туралы 12 бөлімнен тұратын мультсериал. Әр серияда Барыс, Арқар, Бұғы, […]
ТолығырақАғымдағы жылдың желтоқсан айының 2-сі күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының оқытушыларына арналған «IN TREND» онлайн корпоративтік оқу бағдарламасы аясында Тараз қаласындағы №125 Халықаралық мектептің директоры Абдуллах Иылдырайдың қатысуымен кездесу өтті.Оқудың тақырыбы — «21-ғасыр білімі: өткенннен болашаққа сапар»— қазіргі білім берудің ең өзекті бағыттарын қамтыды.Спикер Сингапурдың білім беру жүйесіне жан-жақты тоқталды. Бұл модельдің ерекшелігі — […]
ТолығырақКеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық мұғалімі, көрнекті ағартушы, педагог Құсиын Айтқалиұлының туылғанына 95 жыл мерейтойына арналған «Құсиын Айтқалиұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жинағы жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз. Бұл жинаққа Құсиын Айтқалиұлының білім беру саласындағы жаңашыл көзқарастары, практикалық ұсыныстары мен педагогикалық ұстанымдары жинақталып, бүгінгі білім кеңістігіне қосқан үлесі […]
Толығырақ«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудағы жаңаша көзқарас: функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинардың жұмысын институт директорының орынбасары Жалмұханова Балауса Хоныспайқызы ашып, функционалдық сауаттылықты дамытуға қатысты өзекті бағыттарды атап өтіп, қатысушыларға табысты жұмыс тіледі. Семинар барысында өңір педагогтері қазақ […]
ТолығырақКонференцияның мақсаты — Абайдың «Толық адам» ілімінің мазмұнын заманауи білім беру кеңістігі тұрғысынан пайымдау, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген оқытудың теориялық және практикалық аспектілерін талдау арқылы педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыру. Ауқымды шара барысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан ғалымдарды, оқытушыларды және педагог-практиктерді біріктірді: жалпы 150-ден астам қатысушы конференцияға қосылды оның ішінде 50-ге жуық педагог офлайн, 100-ден […]
ТолығырақҚырғыз Республикасының делегациясы Қазақстанға келіп, еліміздің білім беру жүйесін дамытудағы заманауи тәсілдермен, инновациялармен және озық тәжірибемен танысты. Делегация өкілдерін ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова қарсы алып, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа форматтағы мектептердің жұмысын таныстырды. Олар Алматы қаласындағы №214 «Келешек мектебінде» болды. Кездесу барысында Майра Мелдебекова Қазақстанның білім беру жүйесін дамытудың негізгі […]
Толығырақ«Өрлеу» БАҰО 26 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тренер Айдарбек Бәкіржан – Түркістан облысындағы көркем еңбек пәнінің аға оқытушысы. Педагогика саласындағы еңбек өтілі 38 жыл, педагогика ғылымдарының кандидаты. Айдарбек Бәкіржан қазақтың дәстүрлі қолөнерін жаңғырту бағытында табиғи материалдармен жұмыс істеуді оқушыларға үйретудің бірегей әдістемесін әзірлеген. Ұлттық тәрбие мен қолданбалы өнерді білім беру процесіне кіріктіру бағытындағы […]
Толығырақ
