Месяц: Январь 2026

Білім алушылар және педагогикалық ұжым үшін оқыту мен оқу үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ әдістемелік қолдау көрсету бағытында кәсіби талқылау өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты филиалының базасында студенттер, білім алушылар және педагогикалық ұжым үшін оқыту мен оқу үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ әдістемелік қолдау көрсету бағытында кәсіби талқылау өтті. Аталған іс-шараға Білім-инновация лицейінің директоры Н.Токпашев, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат директоры Ә.Баймуратов, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының […]

Толығырақ

Қазақстанда алғаш рет «Дәнекерлеу ісі» мамандығы халықаралық стандарттар бойынша аккредитациядан өтті

Шахтинск технологиялық колледжі «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Қазақстандық дәнекерлеу қауымдастығы KazWeld өткізген салалық аккредитациядан сәтті өтті. Бұл аккредитация Халықаралық дәнекерлеу институтының International Institute of Welding (IIW) стандарттарына сәйкес жүргізілді. Осылайша колледж аталған бағыт бойынша халықаралық талаптарға сай екені ресми түрде расталған Қазақстандағы алғашқы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатарына кірді. Аккредитациялау барысында KazWeld сарапшылары […]

Толығырақ

Инклюзивті білім беру бойынша халықаралық курс өтуде

2026 жылдың 12–24 қаңтар аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша КДИ филиалы мен Ресей Федерациясының Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум аясында филиал тренерлері 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтуде.⠀Курс «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи білім беру үдерісін ұйымдастыру және жобалау» тақырыбында ұйымдастырылып, дәрістерді Самара мемлекеттік […]

Толығырақ

2025 жылы 48 мыңнан астам азаматқа психологиялық көмек көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 20 өңірінде халыққа кәсіби психологиялық және әдістемелік көмек көрсететін Психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша орталық мамандары 48 019 жеке психологиялық кеңес өткізді. Оның ішінде 23 885 кәмелетке толмаған балаға, 14 898 ата-анаға, 9 236 педагогке кеңес берілді. Бұл көрсеткіштер психологиялық саулық және дағдарыс жағдайларының алдын алу […]

Толығырақ

«Өрлеу» тренерлері жаңа білім беру бағдарламалары бойынша даярлықтан өтуде

ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыру мақсатында 2026 жылға әзірленген 33 жаңа білім беру бағдарламасы бойынша 265 тренердің даярлығын бастады. Бағдарламалар педагогтердің кәсіби дамуының келесі негізгі бағыттарын қамтиды: пәндік бағыттар бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыру, білім беруді цифрландыру және жасанды интеллект құралдарын […]

Толығырақ

«Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбында екі күндік тренинг өтті

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған «Келешек мектептер» жобасы аясында педагогтерге арналған «Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбындағы екі күндік тренинг 2026 жылғы 5–6 қаңтар күндері Алатау ауданы №213 мектеп базасында өтті. Аталған тренингтің басты мақсаты – педагогтердің командалық жұмыс дағдыларын дамыту, өзара сенім мен тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру, сондай-ақ білім беру ұйымында жағымды […]

Толығырақ

«Біртұтас команда – жайлы мектеп» педагогтер арасында тиімді қарым-қатынас құруға арналған тренинг өтті

Алматы қаласы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен №217 мектептің базасында «Біртұтас (ұйымшыл) команда – жайлы мектеп» тақырыбында команда құруға арналған тренинг өтті. Іс-шара педагогтер арасында тиімді қарым-қатынас орнатуға, бірлескен жұмыс мәдениетін дамытуға және білім беру ұйымында қолайлы, қолдаушы орта қалыптастыруға бағытталды. Тренинг барысында қатысушылар командалық жұмыстың маңыздылығы, сенімге негізделген өзара әрекеттестік, көшбасшылық қасиеттерді […]

Толығырақ

Біртұтас команда – жайлы мектеп: Педагогтерге арналған тренинг

2026 жылғы 6 қаңтарда «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ-дің «Қоғамдық-гуманитарлық бағыттар» кафедрасының аға оқытушысы Рыскулбекова Куралай Қалдыбаевна мен «Жаратылыстану-математика бағыттар» кафедрасының аға оқытушысы Сабиханова Асель Каирбековна Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты №214 жалпы білім беретін мектеп КММ базасында «Біртұтас команда – жайлы мектеп» тақырыбында мазмұнды команда құру тренингін өткізді. Тренингтің басты мақсаты – […]

Толығырақ

Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған “Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен салынған “ Келешек мектептері” жобасы елімізде сапалы білім беру инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған. Жоба аясында республика бойынша […]

Толығырақ

«Ұстаз» платформасында AI-ассистент іске қосылды

Жаңа цифрлық көмекші педагогтерге платформаның мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, техникалық мәселелерді жедел шешуге және аттестаттау үдерісіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап алуға көмектеседі. AI-ассистент аттестаттау тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары, материалдарды жүктеу ережелері және платформамен жұмыс істеу бойынша консультациялық қолдау көрсетеді. Ұсынылатын барлық ақпарат ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №83 бұйрығымен бекітілген нормативтік талаптарға толық сәйкес беріледі. Бұл […]

Толығырақ

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар