21 тамызда СҚО «Өрлеу» филиалы мен «Балдәурен» бөбекжайының ынтымақтастығы аясында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері үшін «ECERS шкалаларын қолдана отырып, мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістік дамытушы ортасының сапасын бағалау» тақырыбында «Мектепке дейінгі ұйымның заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын ұйымдастыру» курсы аясында көшпелі практикалық сабақ өтті.

Мақсаты: мектепке дейінгі топтың/ұйымның заттық-кеңістіктік дамтушы ортасының сапасын бағалау дағдыларын жетілдіру.
📋Көшпелі практикалық сабақта қаралған міндеттер:

  • мектепке дейінгі топтың/ұйымның заттық-кеңістіктік дамтушы ортасының сапасын бағалауға арналған құралдармен таныстыру;
  • 1 (жеткіліксіз) және 7 балл (өте жақсы) аралығында бағаланатын шкалалар «Бұтағының» әрбір компоненті бойынша индикаторлары бар бағалау парақтарына негізделген құрылымдық бақылау негізінде талдау жүргізу.
    Өрлеу – СҚО филиалы «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының басшысы Мадина Дарбаеваға алғысын білдіріп, одан әрі жемісті ынтымақтастықты жоспарлап отыр.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар