21 қараша 2025 жылы Өрлеу СҚО Ұлы ойшыл және философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орайластырлған «Абайдың «Толық адам» ілімі: білім беруде сананы жаңғырту» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті алаңында өткізілді.

Конференцияның мақсаты — Абайдың «Толық адам» ілімінің мазмұнын заманауи білім беру кеңістігі тұрғысынан пайымдау, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген оқытудың теориялық және практикалық аспектілерін талдау арқылы педагогтердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыру.

Ауқымды шара барысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысқан ғалымдарды, оқытушыларды және педагог-практиктерді біріктірді: жалпы 150-ден астам қатысушы конференцияға қосылды оның ішінде 50-ге жуық педагог офлайн, 100-ден астамы онлайн, сонымен қатар 13 баяндамашы пікірталасқа белсенді қатысушы болды.

Талқылаудың негізгі бағыттары:

ұлттық білім беру мен тәрбиенің әдіснамалық негізі ретінде «Толық адам» ілімінің мазмұнын қалыптастыру;

жас ұрпақты «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу;

білім беруді әділет пен парасат қағидаттарына сүйене отырып басқарудың құндылықтық негіздерін айқындау;

білім алушылардың барлығына тең мүмкіндік беретін қолжетімді, инклюзивті және құндылыққа бағытталған білім беру ортасын құру;

Абай даналығы мен ұлттық құндылықтарды цифрлық білім беру ресурстары арқылы меңгеру мүмкіндіктерін талдау.

Конференцияға қатысу үшін педагогтер жіберген барлық материалдар «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналының №4 санында жарияланатын болады, бұл үздік тәжірибелер мен зерттеулерді кеңінен таратуға мүмкіндік береді.

Конференция спикерлеріне, модератор — Гүлмайда Насиевна Мусетаеваға мазмұнды жұмысы мен маңызды пікірталас алаңын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.

Абай мұрасы – әділетті, рухани бай және саналы Қазақстан азаматын тәрбиелеуде мәңгілік бағдар болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар