Нәтижеге бағытталған педагогтердің тәжірибесі

«Өрлеу» Павлодар оқытушыларымен ұйымдастырылған вебинарлар сериялары жалғасуда. Ақпан айында филиал оқытушысы А.Ахметниязова Екібастұз қаласы №7 мектеп-гимназиясымен бірлесіп «Нәтижеге бағытталған білім беру моделін қалыптастырудағы педагогтердің тәжірибесі» атты тәжірибе алмасуға бағытталған іс-шараны жүзеге асырды.

Негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының жетекші мұғалімдерін педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелерін талқылауға тарту, педагогтердің инновациялық тәжірибесін трансляциялау және тарату.
Бұл жолғы вебинарды аймақаралық деп атауға болады, өйткені тыңдаушылар мен еңбек өтілінде жиналған тіжірибесімен бөліскендер қатарында Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды мен Екібастұз қалаларының мұғалімдері болды. Айта кетерлігі, аталмыш шаһарлардың ұстаздары жалпы он сегіз тақырыптың басын талқылап, тыңдаушылардың көңілдерінен шыға білді.
Ұстаздар қауымы қазақ тілін оқытудағы функционалдық сауаттылықты, оқытудың белсенді әдістері арқылы оқушылардың креативті ойлауын дамыту, көптілді тұлғаны әлеуметтендіру, оқушылардың білімдегі олқылықтарын жоюдағы жүйелі жұмысты ұйымдастыру сияқты түрлі тақырыптардың мәселелерін қозғап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Вебинарда болған серпінді жұмыс режимі қатысушыларды белсенді диалогқа барынша тартуға ықпалын тигізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар