2022 жылдың 15 наурызында Павлодар қаласы №2 жалпы орта білім беру мектебінің қабырғасында «Өрлеу» Павлодар біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы тарих пәні мұғалімдерінің талдау және зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы аясындағы семинары өткізілді. Іс-шараға шаһармыздың елуге жуық пән ұстаздары қатысып, тіжірибе алмасты.

Семинар барысында аталмыш білім ордасының тарих пәні мұғалімі К.С. Ергалиев өз іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдеріне ашық сабақ өткізді. Ал оқу ісінің меңгерушісі Г.Ш. Жаменкенова мен педагог-логопед Г.Б. Бекенова инклюзивті білім беру әдістемесімен бөліссе, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Г.К. Сапина қатысушылармен мәтіндермен, деректермен жұмыс жасаудың түрлі әдістері жайлы ақпарат берді.

Тыңдаушылардың ұйымдастырылған шараға көңілдері толып, тарихшылар курсының тренері А.Ж. Несипбаеваға ризашылықтарын білдіріп, мектеп басшысы Г.К.Бельгибаеваға шығармашылық толағай табыстар тіледі.