Бастауыш сынып мұғалімдері үшін дөңгелек үстел

2022 жылдың 1 маусымында Түркістан облысы, Келес ауданы №6 бастауыш мектебі базасында әдістемелік көмек көрсету және келісім шарт негізінде жұмыс жасау мақсатында бастауыш сынып мұғалімдері үшін «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Тастанова Лаззат Амзеевна және Тулегенова Бекзада Сайдихановна дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында мектеп ұжымымен сауалнама сұрақтары жүргізілді. Сонымен қоса жоғарыда айтылған мектептің білім сапасын жоғарылатуда қиындықтардың тұстары анықталып, алдағы уақытта оқыту семинарлары, тренингтер, ашық сабақтар өткізу мәселелері қарастырылды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар