✅29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында әдістемелік қолдау және курстан кейінгі сүйемелдеу мақсатында «943-нысаналы мектеп» республикалық жобасына қатысатын ауылдық мектептерге шығу жоспарланған.🔹📎
📩📈«Өрлеу» БАҰО» ФАО үйлестірушілері (оқытушылар, әдіскерлер) және жобалық кеңсенің әдіскер-менторлары қатысқан алғашқы мектеп Қызылжар ауданының Соколов орта мектебі болды.
📊📖Кездесу барысында:
– мектептің 7 педагогының сабақтары талданды;
– сабақты тиімді жоспарлаудың негізгі принциптері мен заманауи тәсілдері талқыланды;
– сабақтың мақсатын дұрыс құрылымдау және нәтижеге бағытталған оқыту әдістері зерттелді;
– педагогикалық практикада әртүрлі әдістерді қолданудың тиімді жолдары қарастырылды;
– білім беру процесін жақсарту бойынша ұсыныстар берілді;
– «Ұстаз» платформасында педагогтерді аттестаттау процесін автоматтандыру бойынша техникалық кеңес өткізілді.
📌🗂️Жақын арада М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Қызылжар, Аққайың және Есіл аудандарының мектептеріне бару жоспарланған.

- 30 Янв
- 2025