4 С моделі арқылы тиімді сабақ жоспарын жоспарлау

Шымкент қ. №135 ЖОМ базасында 2023 жылдың 15 ақпан күні «Әдіснама және педагогикалық инновация” кафедрасының аға оқытушысы Қуанышбек Г.Е. жас мамандарға «4 С моделі арқылы тиімді сабақ жоспарын жоспарлау» тақырыбында треннинг өткізді. Іс-шарада сабақты жоспарлаудың 4 С және ASSURE моделінің ерекшеліктерімен танысып, тиімді сабақ жоспарының қадамдарын нақтыланды. Сонымен қатар, жас мамандар 4 С моделі арқылы өз сабақ жоспарларына талдау жұмысын жүргізді. Тарих пәнінің мұғалімі А. Н.Абдраимова треннингке белсенді қатысып, оқу мақсатына жетуде ASSURE моделі қадамдарының ұтымдылығына өзіндік пікірін білдірді. Мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Т. А. Нурмуратова тренерге алғысын білдіріп, болашақта ұйымдастырылатын жұмыстарға ұсыныс тастады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар