2024 жылдың 26 сәуірінде Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Робототехника және STEM-білім беру» атты біліктілікті арттыру курсынан өтіп жатқан тыңдаушылар Алматы облысы Іле ауданы Қосөзен ауылындағы №14 орта мектебінде «5Е оқыту циклі негізінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысты.
Іс-шарада мектеп директоры Қымбат Шымамбаевна алғы сөз сөйлеп, тәжірибелік сабаққа сәттілік тіледі. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлзихат Құрманғазиевна STEM-білім беру бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мұғалімдері іс-шараның жалғасы ретінде өздерінің ашық сабақтарын қатысушыларға көрсетті.
«STEAM қалай біздің білімді өзгертті…» тақырыбында физика пәні мұғалімі Күмісай Құралбаевна, бастауыш сынып мұғалімі Гүлмайра Капановна мен география пәні мұғалімі Назым Кадылбековна, 8 сыныпта «Жылу өткізгіштік, конвекция, сәуле шығару», химия пәні мұғалімі Косим Женгисович және математика пәні мұғалімі Айдана Ержанқызы 5-сыныпта «Процент», 10 сыныпта «Гендік модификацияланған организм» тақырыбында биология пәні мұғалімі Гүлбар Нұрахметовна, ал биология пәні мұғалімі Гульнара Исикбаевна мен физика пәні мұғалімі Күмісай Құралбаевна 9 сыныпқа «Earthquake competition» өздерінің баяндамаларын оқыды.
Мектеп ұстаздар Назым Кумуржановна, Венера Камалқызы, Айнур Шалабаевна, Айдана Ержанқызы, Назым Кумуржановна, Нургуль Кошербаевна, Анар Манатовна курс тыңдаушыларымен тәжірибелік жұмыстарымен бөлісті.







