Шымкент қаласында қазіргі таңда 11 жайлы мектеп бой көтеруде. Осыған орай, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының аппараттық кеңесінің №11 хаттамасына сәйкес, жайлы мектептерге бару және олардың жұмысын үйлестіру, бірлескен әрекеттерді нақтылау мақсатында №150 мектепте кездесу ұйымдастырылды.
Бүгінгі 29.04.2025 ж. кездесу аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры М.Медетбекова мектеп директоры Ш.Жиеновамен кездесіп, ұлттық жобаның жүзеге асу барысын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын және болашақтағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Сапалы білім беру кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жоба аясында:
– мектеп инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық жабдықталуы таныстырылды;
– оқу кабинеттері мен заманауи құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылуы қаралды;
– оқушылардың қауіпсіздігі, цифрлық орта және білім сапасын арттыру жолдары сөз болды.
Жайлы мектеп – білім беру саласының жаңа сапалық кезеңге қадам басуын қамтамасыз ететін маңызды бастама.