Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтына 70 жыл.
Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының (қазіргі «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық орталығының филиалы) 70 жылдығына орай «Педагогикалық инновациялар: заманауи білім беру жүйесін дамыту ресурсы» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс – шараның мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту және ғылыми байланыстарды кеңейту үшін мектепке дейінгі, бастауыш, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының, сондай-ақ интернаттық ұйымдардың педагогтерін тарту.
Конференцияның пленарлық отырысына біліктілікті арттыру жүйесінің ардагерлері, Павлодар облысының білім беру басқармасының, Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының, Павлодар педагогикалық университетінің өкілдері қатысты. Іс-шара өткен жұмыс күндері мен 70 жылдағы маңызды оқиғалар туралы естеліктермен жылы достық атмосферада өтті.
Секциялық отырыстар білім беру процесін дамытудың замануи үрдістерін талқылау және білім беру ресурстарын жаңғырту үшін жұмыс алаңына айналды. Конференция жұмысына өңірдің 200-ден астам педагогтері – мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық технологиялар; орта білім берудің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары; қосымша білім берудің заманауи жүйесі; техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық білім беру тәсілдері; білім берудегі цифрлық технологиялар мен құралдар; инклюзивті білім беру сияқты өзекті бағыттар бойынша қатысты.
Конференция материалдары бойынша Өрлеу-Павлодар сайтында жарияланатын электронды жинақ шығарылады .http://orleupvl.kz).