17 қаңтар күні «Өрлеу-Атырау» филиалы аға оқытушысы Аронова Алтынай, мониторинг бөлімінің бас маманы Джаманбаева Динара жалпы білім беретін Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектеп педагогтерімен, Атырау қалалық білім бөлімінің әдіскері Курмашева Сандугаш пен кафедраның аға оқытушысы Жумагалиева Анар жалпы білім беретін №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп педагогтерімен кездесіп, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Бір апта көлемінде “943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту” жобасы аясында базалық және негізгі деңгейдегі курстарды сәтті аяқтаған өңір мектептері мұғалімдеріне курстан кейінгі қолдау көрсету жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда.
✅2025 жылдың 13-17 қаңтары аралығында Атырау қалалық білім бөлімі әдіскерлерімен бірлесіп, «Өрлеу-Атырау» филиалының қызметкерлері М.Бекмұхамбетов, Ө.Атамбаев, С.Мұқанов, Ы.Алтынсарин, Ф.Оңғарсынова атындағы және Еркінқала орта мектептерінде жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар осы аптада 2 мәрте филиал аға оқытушысы Ажигулова Майя Салауатовна орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі мұғалімдері үшін базалық оқыту курсының бағдарламасы бойынша республикалық онлайн семинарлар өткізді.Бұл аталған шаралардың барлығы «Мақсатты мектеп» жобасы шеңберінде жүргізілуде, бұл жобадан түйген негізгі қорытынды:
🔹1. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету
Жоба мұғалімдердің базалық және негізгі деңгейдегі білімдерін жетілдіруге, олардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Курстардан кейінгі қолдау шаралары педагогтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
🔹2. Коллаборативті орта құру
Әріптестер арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасап, бірлескен жұмыс арқылы білім беру сапасын арттыруды қолдайды. Бұл оқытудағы тиімділікті арттыруға септігін тигізеді.
Жоба аясында мектеп әкімшілігі, пәндік бірлестік жетекшілері және шығармашылық топтардың қатысуымен еркін пікір алмасу мен кері байланыс алу ұйымдастырылады. Бұл мұғалімдердің нақты қажеттіліктеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
🔹3. Оқыту материалдарының қолжетімділігі
Курстық материалдар, бейнедәрістер, презентациялар мен тәжірибелік тапсырмалар мұғалімдердің күрделі тақырыптарды меңгеруіне көмектеседі.
4. Жергілікті қажеттіліктерге бейімделу
Жоба шаралары әр мектептің сұранысына және ерекшеліктеріне бейімделіп ұйымдастырылады, бұл оның тиімділігін арттырады.
🔹5. Оқушылардың білім сапасын арттыруға әсері
Мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру арқылы жоба оқушылардың білім алу сапасын жақсартуға жанама түрде ықпал етеді.
✅✅✅Бұл артықшылықтар жобаның өңірлік мектептерді дамытуға, сапалы білім беру жүйесін құруға және педагогикалық ұжымның әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін көрсетеді.



