Семинарды ұйымдастырушылар:
• Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.
• Қостанай облысы бойынша білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті.
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
• «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты»
• «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ
• Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ
Семинарға нысаналы мектеп директорлары, директор орынбасарлары, әдіскер-жетекшілер, аудандық/қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты.
Семинардың мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін мектеп
басшыларының сапа менеджменттегі құзыреттерін дамыту.
Семинар қатысушыларының алдында Қазақстан Республикасы оғу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев алғы сөз сөйледі. Ол елдегі білім беру сапасын арттыру үшін жобаның маңыздылығын атап өтіп, қойылған міндеттерді шешудегі мектеп директоры мен мектеп командасының рөліне назар аударды.
«Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары Д.Ж. Сюндикова семинардың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін таныстырды.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Қостанай облысы бойынша КДИ директоры М.Слесарь педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының барысымен және жобаны сапалы жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Семинардың бірінші күнінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалы Қостанай облысы бойынша КДИ мектепті дамыту стратегиясы мәселесін қарастыруға арналды.
Тәжірибелік сессиялар деректерді талдау және интерпретациялау, талдау негізінде нақты әрекеттерді жоспарлау дағдыларына қатысты басқару құзыреттілігін дамытуға бағытталды. Филиал тренерлері Г.С. Жусупова және О.В. Бурага семинарға қатысушылармен бірлесе отырып, әр мектептің портреттерін талқылау барысында мектепті одан әрі дамыту және оқу-тәрбие процесін жетілдіру үшін тиімді қадамдарды таңдаудың тәсілдерін қалыптастырды.
Семинарда білім беру сапасын ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру, мектептің дамуын жоспарлауда диагностика мен талдау, сабақтарды бақылау және бағалау сияқты салалар бойынша үздік мектептердің табысты кейстері ұсынылды.
Семинарға қатысушылардың пікірінше, бірінші күнгі жұмыс қарқынды және нәтижелі болды;