Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында «943 мақсатты мектеп» жобасын іске асыруда. Бұл бастама еліміз бойынша 943 мектепті қамтиды. Мектептер PISA, ҰБТ нәтижелері, оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер негізінде іріктелді.
Жоба аясында мақсатты мектептерге әдістемелік қолдау көрсетіп, білім беру сапасын жақсартуға қажетті құралдар мен мүмкіндіктерді ұсыну болып табылады. Әр өңірде арнайы Жобалық кеңселер құрылып, олар мектептермен тығыз жұмыс істейді.
Жоба нені қамтиды?
• Еліміздің барлық өңірлерінің мақсатты мектептері қамтылды, оның ішінде Алматы облысы бойынша 112 мектеп бар;
• Мектеп директорларына, оқу ісінің меңгерушілеріне, мұғалімдерге білім беру сапасын арттыру мақсатында әдістемелік көмек көрсетілуде;
• Үш деңгейде біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда (бастауыш сыныптар және профильдік пәндер бойынша):
- Базалық деңгей — фундаменталды негіздер;
- Негізгі деңгей — құзыреттіліктерді кеңейту;
- Ілгері деңгей — инновациялық әдістемелермен жұмыс.
Ағымдағы нәтижелер:
• 2024 жылдан бері «Өрлеу» платформасында өткізілген тегін онлайн курстарға 1000-ға жуық педагог қатысып, өз біліктіліктерін сәтті арттырды.
• Әдістемелік десант негізінде мақсатты мектептердің базасында әдістемелік қолдау ұйымдастырылуда.
«943 мақсатты мектеп» жобасы – әрбір оқушының сапалы білім алуы үшін жасалған маңызды бастама. Білім – болашаққа салынған ең үлкен инвестиция.




