Қазақстан халқы Тұңғыш Президент күні мерекесін кеңінен тойлауда. Осыған орай, ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Ұстаздар Үйінде» курс сабақтарын өткізуде ынтымақтастық танытқан шақыртылған тренерлердің басын қосып, мерекелік жиын өткізді.
Мерекелік жиынды ашқан институттағы қалалық «Нұротан» бастауыш партия ұйымы филиалының жетекшісі Н. Қарабалаева жиналғандарды әнұран айтуға тұрғызды.
Алғашқы боп сөз алған институт директоры мереке қарсаңындағы жетістіктерге тоқталып, ұжымымызбен ынтымақтастықта еңбек етіп, курс сабақтарын өткізуде қол ұшын берген шақыртылған тренерлерге Құрмет грамоталарын табыстады.
Мереке қарсаңында арнайы дайындалған слайдтар арқылы елбасының өмірбаянына шолу жасаған Н. Қарабалаева өзінен кейін сөз кезегін «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Г. Кеніштайқызына берді.
Г. Кеніштайқызы Елбасының стратегиялық бастамалары мен тарихи сөздеріне тоқтала келіп, оның саяси қызметтерін қызықты етіп әңгімелеп берді.
Бұдан ары сөз алған Курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды енгізу зертханасының меңгерушісі П. Асылбек Елбасы Жолдауларына қысқаша талдау жасады.
Ш. Битен
