ПЕДАГОГТЕРДІҢ SOFT SKILLS ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

«Өрлеу» Павлодар филиалы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің педагогтеріне Soft skills дағдыларын дамыту бойынша семинар өткізді.

Ағымдағы жылғы қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Павлодар филиалының аға оқытушысы Алем Жекенқызы Несипбаева Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің педагогтеріне Soft skills дағдыларын дамыту бойынша семинар өткізді.

Талқылау және бірлескен жұмыс нәтижесінде мұғалімдер тиімді педагогикалық қызмет үшін тек кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас жасау, топта жұмыс атқара білу, өз қызметін жоспарлау, ақпаратпен жұмыс істеу, стресске төзімділік, креативтілік, жауапкершілік сынды қосымша білім мен шеберлік, яғни қазіргі әлемде «soft skills» немесе «икемді дағдылар» деп аталатын дағдылар маңызды деген қорытындыға келді.

Сондай-ақ, soft skills-ті қалыптастыру бағытында педагогтің кәсіби дамуындағы қиындық аймақтары мен траекториялары анықталды.

Семинар жемісті жұмыс жағдайында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Soft skills – бізді алға жылжытатын және кәсіби мақсаттарымызды қолжетімді, жұмысты – тиімді, ал өмірді-қызықты ететін қасиеттер.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар