«Өрлеу» – Жамбыл филиалының ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні фейсбук парақшасының тікелей эфирінде «Сабақты зерттеу – мұғалім тәжірибесін дамыту негізі» тақырыбында республикалық тәжірибелік семинар өткізді. Семинар барысында Нұр-Сұлтан қаласының С.Садуақасұлы атындағы №78 мектеп гимназиясының үйлестірушісі Гулиза Абдикадырова «Мұғалімдердің кәсіби деңгейін дамытудағы бірлескен жұмыстың тиімділігі» тақырыбында серіктес мектеп қоғамдастығындағы сабақты зерттеу бойынша жұмыс барысымен және өз тәжірибесімен бөлісті. «Өрлеу» – Жамбыл филиалымен бірлесе жұмыстар атқарып келе жатқан, Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Тилепбергенова Зарина Абилсейтовна «Іс-әркеттегі зерттеуде деректермен жұмысты қалай ұйымдастыруға болады?» зерттеу тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында Тараз қ, Б.Момышұлы ат.№45 қазақ классикалық гимназиясының бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Киркинбаева Эльвира Мухамедияровна өз фокус тобындағы жұмыс барысы мен талдауын, рефлексивті есебін «Математика пәнінде оқу мақсаттарына жетуде саралаудың «Қарқын» тәсілін қаншалықты қолдануға болады?» атты зерттеу тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Мектеп тәжірибесіне сабақты зерттеуді енгізу алғашқы қадам болса, оның сапалы жүргізілуі, мұғалімдердің тәжірибесін арттыруға ықпалын зерттеу өте маңызды.
Фарида Кулен, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы