«Тәуелсіздік-біздің басты құндылығымыз!»

9 желтоқсанда «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік-біздің басты құндылығымыз!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел мақсаты: жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын сіңіру, ата-бабаларымыз аманат еткен тәуелсіздікті насихаттау, 30 – жылдық егеменділікті құрметтеу.

Жиынның модераторы: кафедра меңгерушісі –Б.С.Иманғалиев.Дөңгелек үстел барысында: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, бастаулары,дәстүрлері жайлы баяндалды.

Дөңгелек үстел барысында: Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, бастаулары, дәстүрлері жайлы баяндалды.

Іс-шараны кіріспе сөзімен «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы директорының орынбасары Ә.Т.Жанкарина ашты. Білім беруді жаңғырту орталығы директорының орынбасары Г.Т.Әбішева дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтады. Тарих ғылымдарының докторы,профессор Қ.Ж.Нұрбаев және А.А.Әбсадық тәуелсіздігіміздің тарихы,қазіргі рөлі,келешегі туралы баяндама оқыды. №68 мектеп-гимназия директоры К.И.Баяхметова Міржақыптану ілімі туралы өз пікірімен бөлісті.Жиын соңында мектепке дейінгі мекемелерден өкілдер құттықтауларын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар