Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы білім беру саласындағы қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің салтанаты мен құрметін ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күннің тарихын жасағандарды біріктірді. “Өрлеу” тарихы мен корпоративтік мәдениетінде көптеген игі және маңызды дәстүрлер бар, олардың бірі – ұрпақтар сабақтастығы, тарихты құрметтеу және отандық педагогиканың дамуы мен білім беру саласына қомақты үлес қосқан тұлғаларды құрметтеу. Бүгін “Өрлеу-Ақтөбе” кезекті салтанатты іс-шараны өткізді.
15-желтоқсан күні “Өрлеу-Ақтөбе” ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбе облысы бойынша біліктілікті арттыру жүйесі өкілдерінің бірнеше аға буынын біріктірді. БАИ ардагерлері мерекелік үстелмен және мерейтойлық наградалар табысталған салтанатты іс-шараға қатысты. Ардагерлердің естеліктері “Өрлеу-Ақтөбе” тарихына педагогтардың жас буынын дамыту және тәрбиелеу стратегиясы үшін құндылық ретінде мәңгі жазылатын өмірлік кейстерге толы болды.
Қашықтыққа қарамастан, іс-шараға онлайн-режимінде қатысып, мерекелік лебізін білдірген ұзақ жылдар бойы біліктілікті арттыру саласын дамытуға үлес қосқан ардагерлер Н.К. Кибатаева мен Г.О.Мукановаға зор алғыс айтамыз.
Ақтөбе облысы білім басқармасының, облыстық кәсіподақ комитеті, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының, “Өрлеу-Ақтөбе” филиалы білім беру саласы мен аймақтың 30 жылдық тарихына үлес қосқаны үшін Құрмет грамоталары, Алғыс хаттар, гүлдер мен сыйлықтар табыс етті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқармасының құттықтау сөздерін «Әкімшілік және кадрлық жұмыс департаментінің» директоры Н.Н.Ристанов онлайн – байланыс арқылы ардагерлерге, филиал ПОҚ және қызметкерлеріне жеткізді, бұл ұжым үшін маңызды болды.
Әрине, өмірден өткен, бірақ “Өрлеу-Ақтөбе” тарихында және әріптестерінің жүрегінде мәңгі қалған адамдар туралы жарқын естеліктер болды. Мұндай кездесулер қажет. Мұндай кездесулер маңызды. Біздің тәжірибеміз адаммен қарым-қатынас пен сыйластықтан, қолдаудан және бағалай білуден маңызды ештеңе жоқ екенін көрсетті.
Мереке құтты болсын, құрметті ардагерлер мен әріптестер! Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан гүлдене берсін, ал біз оны адами құндылықтармен және ізгілікпен толтырамыз!