STEM-оқыту: ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинар өтті

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында 24 желтоқсан күні «STEM-оқытудың білім алушылардың ғылыми-техникалық бейін мамандықтарын саналы таңдауы мен функционалдық сауаттылығын дамытудағы рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік онлайн вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты – адам қызметінің барлық салаларын цифрландыру қарқынының өсуіне және заманауи цифрлық технологиялардың дамуына байланысты зерттеу қызметтері мен практикалық форматтарда STEM-білім берудің маңыздылығы мен өзектілігін көрсету.

Вебинар жұмысына 20-дан астам баяндамашылар мен 50-ге жуық білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.

Вебинар барысында Stem-оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қабілеттерін дамыту жолдары, Stem білім берудегі мұғалімнің рөлі, химия, информатика сабақтарындағы Stem – білім беру мүмкіндіктері тақырыптарында баяндамалар оқылып, баяндамашылар өз тәжірибелерінде Stem-ді қолданудағы жетістіктері мен табыстары туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын, зерттеуін, сын тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында қолдануға болатын, оқушылардың жоба жасау қабілеттерін арттыратын бағдарламалар Go-Lab, Cloud.graasp.eu, т.б. заманауи компьютерлік бағдарламалармен жұмыс жасау жолдары бойынша тәжірибе алмасу болды. Робототехника саласында жасалған оқушылардың жұмыстары, тәжірибелері, жобалары талқыланды.

Оқушылардың сапалы білім алуына, функционалдық сауаттылығын арттыруда және сабақты өзгеше өткізуге қажетті инновациялық факторлардың бірі – Stem-білім беру туралы ақпараттармен бөлісіп, сұрақтарға жауаптар берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар