Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту

«Өрлеу»- Ақтөбе жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12 қаңтар күні  «Педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері қатысты. Семинар барысында оқу үрдісінде цифрлық технологияларды қолдану әдістемесі, цифрлық технологиялардың көмегімен оқу сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру тақырыптары қарастырылды.

Padlet интерактивті тақталарымен жұмыс, learning apps.org, Formulator Tarsia, Wordwall – дидактикалық ойын үлгілерін құрастырушы қосымшаларымен практикалық жұмыстар жүргізілді.

Quizizz– математикалық формулаларды енгізуді, суреттер мен аудиофайлдарды біріктіруді, пайдаланушылар жасаған кітапхананы пайдалануды қолдайтын тест құрастырушыларымен жұмыс түрлері ұйымдастырылды. Семинар соңында әріптестер Padlet тақтасында ауызша, жазбаша кері байланыстар бере отырып, алғыстарын білдірді.

Сонымен бірге  семинар аясында педагогтердің цифрлық құзыреттілік деңгейлерін анықтауға арналған олимпиада өткізілді. Олимпиада жеңімпаздарына дипломдар мен грамоталар және қатысушыларға сертификат беріледі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар