Өткен жылдан бастау алған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «4К» моделін дамытудың білім беру технологиясы» тақырыбындағы курстың оқу-тақырыптық жоспары бойынша келісім-шарт негізінде ұйымдастырылған курс өз жұмысын жалғастырып келеді.
Биылғы жылы бұл үрдісті сәтті жалғастырған институттың Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, тренер, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Есентаева Айжан Идрисовна жыл басынан-ақ Жаңартылған білім беру бағдарламасы жағдайында үлгілік оқу бағдарламасы және оқу жоспары бойынша жұмыс жүргізуде.
Шарттық негіздегі біліктілік курсына Алматы қаласы ғана емес, Маңғыстау облысы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, сондай-ақ Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» оқу сауықтыру орталығы мамандары да көптеп қатысуда.
«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру» тақырыбындағы бүгінгі сабақта білім алушылардың сыни және дивергентті дамыту технологиясы талданды.
Ш. Битен