2022 жылдың 23 ақпанында «Парасат» мектеп-лицейінде «Өрлеу және мектеп серіктестігіндегі сабақ» жобасы аясында қазақ тілі сабағы бойынша (9-сынып, «Шұғаның белгісі» тақырыбы) тренер және мұғалімнің бірлескен сабағы өтті.
Аталған сабақты білім беру ұйымының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Кулатаева және СҚО «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова ұйымдастырып өткізді.
Сабақ аясында мұғалім мен тренердің бірлескен әрекеті олардың кәсібилігі, жаңашылдығы және оқыту үдерісін тиімді етудегі қадамдары өзара тығыз байланыстың ықпалы екендігі көрініс тапты. Тренер тарапынан мұғалімге курстан кейінгі қолдаудың жоғары деңгейлігі, жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды оқыту үдерісіне ықпалдастыру және білім сапасын арттырудың ұтымды тұстарын ұсынғаны байқалды.
Бірлескен сабақ аясында оқушылардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары мен танымдық қабілеттері ескеріліп жоспарланған. Сабақты жоспарлауда түрлі белсенді әдіс-тәсілдер, оқушылардың қызығушылықтарын арттыратын тапсырмалар және АКТ құралдарын тиімді қолдану деңгейлері жоғары деңгейде көрініс тапты.
Жоба бойынша ұйымдастырылған сабаққа аудандық білім бөлімінің, мектеп басшысы С.Елеукина және мектептің әкімшілік өкілдері мен мұғалімдер қатысты.
Аталған жоба қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою және тренер мен мұғалімнің бірлескен әрекетін жүзеге асыру болып табылады.