ХХІ ғасырдағы педагогикалық дағдылар

2022 жылдың 4 наурызында Өрлеу ББЖҚБАРИ «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Тайтанова Н.Қ. «Білім беру ұйымының  заманауи көшбасшының Soft skills құзыретін қалыптастыру»  біліктілікті арттыру курсы аясында білім беру ұйымдары басшыларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына арналған «Мектептің тәрбие жүйесін дамытудағы басқару және көшбасшылық» тақырыбында интерактивті семинар өткізді.

Семинар барысында тәрбие жүйесін құру бойынша жұмыс тәжірибесі қарастырылып, Google мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құжаттаманы жүргізу форматын жақсарту, QR-код көмегімен стендтерді рәсімдеу, жергілікті желі көмегімен тәрбие жұмысына мектепішілік бақылау жүргізу жолдары ұсынылды.

Іс-шараның соңында әріптестер білім беру платформаларын пайдаланудың артықшылықтары туралы айтып, тәрбие жұмысының қандай жаңа форматтарын пайдалануға болатынын талқылады. Мобильдік қосымшалардың көмегімен жасалған рефлексия мен кері байланыс семинардың жоғары дәрежесі мен практикалық маңыздылығын көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар