Математика мұғалімдеріне қазақ тілінде «Математика сабақтарында білім беру платформалары мен веб-сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті.

2022 жылдың 24 ақпанында математика мұғалімдеріне қазақ тілінде «Математика сабақтарында білім беру платформалары мен веб-сервистерді тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Математика сабағында білім беру платформалары мен веб-сервистерді пайдаланудың тиімді жолдарын тәжірибеде көрсету арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жоспарланды. Семинар барысында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан филиалының аға оқытушысы Боранбаева Ляйля Каирбековна, тыңдаушыларға Learnis.ru білім беру платформасын, Wordwall, Quizizz.com онлайн-сервистерін тиімді қолдану және арнайы бағдарламаларда тапсырма құру жолдарын ұсынды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар