Бүгін «Өрлеу» Қостанай филиалының директоры Марионелла Слесарь Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі базасында өткен «Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: жетістіктері мен даму үрдісі» мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің съезіне қатысты.


Спикерлердің баяндамаларында мектепке дейінгі білім берудің маңызды тақырыптары ұсынылды: Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы туралы, мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау туралы, мектепке дейінгі жастағы балалармен қазақ тілін оқытудың тиімді бағыттары мен мәселелері және облыстың мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру туралы.
Марионелла Слесарь пленарлық отырыста «Мектепке дейінгі білім берудегі педагог: дәстүрлерден инновацияларға» баяндамасымен сөз сөйледі, баяндамасында мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне және тәрбиешілеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген тыңдаушының портфелін ұсынды.





Съезд шеңберінде “Геймификация шеберханасы”, “Идеядан нәтижеге дейін”, “Инновациялар практикаға “, “Инклюзия – бірлескен табыстың аумағы”- төрт бағыт бойынша “Қостанай облысының мектепке дейінгі білім беру: кеше, бүгін, ертең” атты көрмесі, пленарлық отырыс және өзекті мәселелер бойынша секциялық жұмысы өтті.