Білім берудегі цифрландыру: мұғалім рөлінің өзгеруі

2022 жылғы 17 наурыз күні «Таалим-Форум» Қоғамдық қоры «Қырғызстан, Моңғолия және Тәжікстандағы білім сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін қашықтықтан білім берудегі инновациялық тәсілдер» жобасы аясында дөңгелек үстел өткізді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының педагогикалық инновация және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Цой Наталья «Кәсіби даму жағдайында педагогтердің цифрлық трансформациясы» тақырыбында баяндама жасап, «Педагогтердіңң цифрлық құзыреттілігін дамыту» курсы бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды. Себебі осы курс барысында педагогтер цифрлық құралдарды пайдалана отырып сабақтарды жобалауды, бірлескен оқыту мен өзара іс-қимыл үшін интерактивті желілік ресурстар арқылы оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыруды меңгерді. Осылайша, аталған дөңгелек үстел ақпараттық-коммуникациялық технологияларға байланысты біліктілікті арттыру және дағдыларды меңгерту мәселелеріне назар аударта отырып, мұғалімнің рөлін талқылаудың жалғасы болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар